Ауыр науқастарға төсегін және киімін ауыстыру реті, оларды сақтау, зарарсыздандыру;
Науқас терісіне гигиеналық шарттар;
Активті және пассивті науқастарды санитарлық өңдеу;
Күтуге арналған құралдар мен материалдар. Оларды дайындау;
Шаш, аяқ, жыныс мүшелерінің және анальды саңылаудың түкті бөлімдерінің туалетін жасау, күту құралдарын өңдеу;
- Педикулез кезіндегі іс - шаралар;
Қараудан және диагноз койылғаннан кейін науқасқа санитарлық өңдеу өткізіледі. Санитарлық өңдеуде мыналар өткізіледі: науқастың денесін қарау, алдымен бастың шаш бөлімін педикулезге, шашын кию, қырыну, душ астына шомылдыру немесе гигиеналық ванна. Санитарлық өндеуді дәрігер тағайындайды. Ауыр жағдайдағы науқастарды тез арада интенсивтік кадағалау бөлімшесіне санитарлық өңдеусіз жібереді. Орташа жағдайда науқаска душ немесе гигиеналық ванна тағайындалады. Ауыр жағдайларда жаткан науқасқа ванна және душ тағайындалмайды. Ауру тарихының алғашқы бетіне науқастын санитарлық өңдеуінің өткізілгенін белгілейді. Наукастың шешінуіне көмектесіп, шашын, киімін, іш киімін кереді.
Педикулез - баста, көйлекте, немесе шашта болатын паразит тәрізді бит. Шаштан табылған педикулез тазалауға киын емес. Педикулез табылған жағдайда шашты (0,15% карбофостын сулы-эмульсионды ерітіндісін, 20% бензилбензоат немесе нитгифор, 0,5% һетилацетафос ерітіндісі сірке кышкылымен тен мөлшерде 0,25% сулы-эмульсионды дикрезил, шампунь «Педилин») жағып баска орамал киіп 20мин ұстайды, кейін шашын сумен жуып, 6% сірке кышкылымен шаяды. Өлген насекомдарды кұрту ушін шашын бит таракпен тарайды. Педикулезге қарсы заттар жүктілік, жаңа туған әйелдерге, емізетін әйелдерге 5 жасқа дейінгі балаларға, тері ауруларына колданылмайды. Ауру тарихынын алгашкы бетінде педикулез табылған жайы белгіленеді де науқастын мекен жайы туралы СЭС-ке хабарлайды. Науқастын киімін капка салып, дезинфекциялық станцияға жібереді.
Қарау бөлмесінен медбике науқасты ваннаға апарады. Ванна таза, жарық және жылы болу керек. Ваннада арнайы вентиляция болады. Гигиеналық ванна кезінде форточканы ашып, желдетуге тыйым салынады. Судын 35-37°С ұзактығы 25 мин. ваннаға су жартысына дейін толтырылады. Сулы пар болмауы үшін бірінші мұздай су, кейін ыстык су кұяды. Судың температурасын арнайы су термометрімен судан шығармай өлшейді. Медбике науқастың шомылуы кезінде қасында тұрады, оның пульсіне, тері қабатына көңіл бөледі. Егерде науқас бозарып кетсе, басынын айналуына, кеңіл-күйінің нашарлауына шағымданса, медбике дәрігерді шакырады. Наукаска ваннадан шығуына көмектесіп, сұртініп, кушеткаға жаткызып, нашатыр спиртіне малынған мақтаны иіскетеді. Егер науқас жағдайына байланысты гигиеналық ванна тағайындалмаса душқа түседі. Ваннаға орындык қойып, наукас отырады. Әрбір наукастан кейін ваннаны сабынмен жуып, кандайда бір дезинфекциялык ерітіндімен шаяды.
Науқастың тырнақтары қалай қысқартылады?
Тырнақтарды қысқарту үшін кішкентай қайшыны қолданады. Қысқарту кезінде теріні зақымдап алмау керек. Процедурадан соң қайшыны спирт немесе 0,5% хлорамин ерітінідісіне малынған дәкемен сүрту керек.
Науқастарды қалай жуындырады?
Ұзақ төсекте жататын, патасына бір рет гигиеналық ванна қабылдамайтын науқастарды; күніне бірнеше рет жуындырып тұру керек, өйткені шап аралықта жиналған зәр немесе нәжіс қалдықтары теріні зақымдап, жауыр дамуына алып келеді. Жуындыру үшін калий перманганатының әлсіз ерітіндісін немесе кез келген басқа зарарсыздандырушы ерітінді қолданылады. Ерітінді жылы (35-38С) болуы керек. Жуындыруға лоток, құман, Эсмарх кружкасы, корнцанг, стерильді мақта, дәке, клеенка, жөргек, сабын, судно, қолғап қажет. Тұрмыс сабыны кесіндісін майдалап, суға көпіртеді. Жиі әйелдерді жуындырады.
Әйелдерді жуындыру ерекшелігі қандай?
Егер науқас өзі жуына алса, оның бір өзін қалдыру керек. Егер де олай болмаса - науқас арқасында, тізесін бүгіп, аяқтарын шамалы ашып жатуы керек. Мейірбике науқастың оң жағында тұрады. Сол қолына жылы дезинфекциялы ерітіндісі бар ыдысты ұстап, оң қолымен – сабынды суға малынған дәкесі бар корнцанг алып, сыртқы жыныс мүшесінен тік ішекке қарай ерітіндіні бір рет (жоғарыдан төмен қарай) құяды.
Сыртқы жыныс мүшесі мен шап аралықты мынадай ретпен өңдеу керек: қасаға аймағы, сыртқы жыныс мүшелері, шап аралық, тік ішек аймағы. Дәкені де осылай ретімен ауыстырып тұру керек. Былғанған дәкені қайта өңдеуге қолдануға болмайды. Қолданылған дәкелер дезинфекциялы ерітіндісі бар лотокқа тасталады. Бір қолмен жыныс еріндерін ашып, бір жыныс ерінін жуады, сонан соң дәкені алмастырып, тура осылай екінші ерінді жуады; шап аралықты қасағадан бастап тік ішекке қарай жуады, пациенттің шайынуын тура осындай ретпен қайталайды. Сонан соң осындай бағытта құрғақ мақта дәкемен теріні сүртеді. Процедура біткен соң судноны, клеенканы алып, қолғапты шешіп, төсегін салып науқасты орап жатқызады.
Ерлерді жуындыру ерекшелігі қандай?
Ерлерді жуындыру әлдеқайда жеңілірек. Науқас арқасында, тізесін бүгіп жатады, жамбасының астына судно қойып, бір қолына жыныс мүшесін алады, суды шап аралықпен шапқа бағыттап ағызады. Жыныс мүшесінің басын үрпіден бастап айналдыра қасаға аймағына қарай жуады. Дәкені тура әйелдерді жуындырғандай ауыстырып тұрады. Дәке орынына мақта томпондарын қолданған ыңғайлы. Құрғақ мақта томпонымен теріні сүртеді; егер шап аймағында бөрпелер болса, оны вазелин немесе кез келген басқа маймен сүртуге болады. Процедураны аяқтау тура әйелдердегідей.