Тамырдың соғуын анықтау.
Жүректен шыққан қан қимылының әсерінен тамыр қабырғаларында болатын түрткі сияқты тербеліс тамырдың соғуы деп аталады.
Тамыр соғуын өлшейтін жерлер:
Тамыр – қан соғу артериялары үстінде орналасқан тікелей сол тамырды басып табуға (пальпация) болатын жерлерде зерттеледі.
Тамыр соғуды жалпы іздейтін жері – кәрі жілік артериясы.
Тамырдың соғуын самай, сондай-ақ ұйқы және ұршық артериялары арқылы табуға болады.
Кәрі жілік артериясындағы қан соғуын міндетті түрде екі қолдан да анықтап тек айырмашылық болмаған жағдайда ғана оны бір қолда ұстап анықтайды.
Сырқаттың саусақтарын оң қолымен білезік буыны тұсынан еркін ұстайды.
Мұнда 1-ші саусақты шынтақ жағына, ал 2-3-4-ші саусақтарды тікелей кәрі жілік артериясына қаратады.
Тамыры соғып тұрған артерияны 3 саусақпен сипап тауыпоны орташа күшпен кәрі жіліктің ішкі жағынан басады.
Артерияны қатты қысуға болмайды, себебі қысымнан тамырдың соғу толқыны жоғалып кетуі мүмкін.
Тамыр соғуының жиілігі 10 секунд аралығында саналып, шыққан санды 6-ға көбейтуге болады.
Тамыр соғуының жиілігі ретсіз (аритмия) болған жағдайда 1 минут аралығын толығымен санап шығу қажет.
Анықталу қиын болған жағдайда самай н\се ұйқы артериясының соғуын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |