Ингаляциялық (тыныс жолы арқылы) жолдармен дәрілерді енгізу
Ингаляциялық енгізу дегеніміз дәрілік заттарды тыныс жолдары арқылы енгізу. Ингаляция арқылы ағзаға газ тәрізді заттарды (оттегін), қос ұшпалы сұйықтықтарды (эфир, фторотан), аэрозольдерді енгізуге болады.
Ингаляциялық енгізу жолдарының тиімділігі:
1. Тыныс жолындағы патологиялық процеске тікелей әсері.
2. Қабынған жерге бауырда сүзілмей, ешбір өзгермей өзінің жоғары
сапасында жетуі, жоғары концентрацияның сақталуы.
Ингаляциялық енгізу жолдарының кемшіліктері:
1. Бронх жолдары өткізгіштігінің бұзылуларында дәрілік заттың қабынған
жерге дұрыс жетпеуі;
2. Тыныс алу жолдарының кілегей қабатының дәрілік заттардың әсерінен
тітіркену мүмкіндігі.
Медициналық тәжірибеде арнайы аспап көмегімен булы, жылы булы, майлы ингаляциялар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ингаляцияларды қалталы ингаляторлармен жүргізуге болады. Ингаляция жасарда пациенттің алдына алжапқыш жабылып, буға күймейтіндей жерге аппарат алдына отырғызылады. Буды мұрнымен жұтып, ауыз арқылы шығару керек. Бронх демікпесімен ауыратын пациенттер үшін үйде қолдануға арналған ингаляторлар бар. Онда дәрілер пластмассадан жасалған түтікшеде болады, оған резеңке баллон кигізілген, пациент баллонды басып, ауаның күшімен дәріні тыныс жолдарына итереді.
Достарыңызбен бөлісу: |