ЖОСПАР
1 AutoCAD-ң негізгі құралдары 2
1.1 Түзу сызықты кесінділер 2
1.2 Көмекші құрау сызықтары 5
1.3 Көріністерді басқару құралдары 7
1.4 Қолданушы координаттар жүйесі 8
6 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCAD мүмкіндіктері 8
6.1 Проекциялаудың типтік бағыттары 8
6.2 Сызбаны бояу 9
6.3 3D-Orbit режимін қолдану 9
6.4 Үш өлшемдімодельдердің сызбаларын жинақтау 10
6.5 Типтік үшөлшемді объектілер құрылымы 12
1 AutoCAD-ң негізгі құралдары 1.1 Түзу сызықты кесінділер
Line(Кесінді): Ең көп орындалатын бұйрық. Ол Draw құралдар панелінде орналасқан. Бұл бұйрық қалағаныңызша рет қайталана беруге жататын бұйрықтар тобына жатады. Сопдықтан, әрбір кезекті басты нүктені енгізгеннен кейін, AutoCAD жаңа бас нүктені енгізуге шақыруды қайталап тұрады.
Жаңа версияда AutoCAD-ң мінезі мүлдем өзгерген жоқ. Жағдайға қарай шақыру мәтінінің варианты таңдалады:
Бас нүктені енгізгеннен кейін мынадай шақыру шығады: Specify next point or [Undo]:. Бірінші және екінші сегменттердің соңғы нүктелері үшін бұл шақыру екі рет қайталанады. Тышқанның таңдауымен кесіндінің келесі бас нүктені белгілейді. Егер тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюдан Undo бұйрығын таңдасақ(немесе “u” әрпін бұйрықтық жолға енгізу арқылы ), онда AutoCAD бұйрықтың орындалуынсыз соңғы сынықтың құрылған сегментін өшіреді.
Минимум екі сегмент құрылғаннан кейін шақыру мәтіні өзгереді: Specify next point or [Close/Undo]: (Келесі нүктені енгізіңіз немесе [Жабу/Бас тарту]:. Егер тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюдан Close бұйрығын таңдасақ, онда AutoCAD соңғы бас нүктені, алғаш бас нүктемен қосады да сызық құрады.
Егер Line бұйрығының алдында басқа сызу бұйрығы орындалған болса, онда Line бұйрығын таңдағаннан кейінгі Specify next point: шақыруына Enter бассаңыз, жаңа кесінді алдында таңдалған графикалық элементтің біткен нүктесінен бастайды.
Rectang(Тіктөртбұрыш): AutoCAD-та төртбұрыш сызу үшін Rectang деген арнайы бұйрық бар. Ол Draw панелінде орналасқан. Төртбұрыш, екі қарама-қарсы шыңын белгілеу арқылы сызылады.
Бұл бұйрықты таңдағаннан кейін AutoCAD екі шың жөнінде сұрақ шығарады. Шыңдарды белгілеу үшін , егер сіз тіктөртбұрыштың ені 6 см., ұзындығы 3 см. Болу керек екенін білсеңіз, екінші шыңның салыстырмалы координаттарды енгізуге болады:-@6,3. Бір кезде тіктөртбұрыштың белгіленген шамалары, келесі тіктөртбұрыштарға меншіктеледі.
Rectang бұйрығы бірнеше параметрге ие. Қосымша редакциялау операцияларын қолданбай, фаскалы не дөңгелек бұрышты тіктөртбұрыш жасауға болады. Elevation және Thikness параметрлерін қолданып, Rectang бұрығы көмегімен тіктөртбұрыш табанды параллелепипед жасауға болады.
Rectang бұйрығы полисызық құрады. Яғни Rectang, келешекте бір объект негізінде қолдануға болатын AutoCAD қарапайымы.
Polygon(Көпбұрыш): Бұл бұйрық Draw құралдар панелінде орналасқан. Polygon бұйрығы арқылы дұрыс көпбұрыш құрылады, яғни бекітулі пішінді және ұзындығы бірдей қабырғалы болады. AutoCAD-та көпбұрыштың қабырға саны 3 – 1024 арасында болуы мүмкін.
Polygon бұйрығын таңдағаннан кейін қабырға саны берілуі
керек, одан кейін келесі белгіленуі керек үш метод таңдалуы керек:
Edge: ол үшін тышқанның оң батырмасын басылғаннан кейінгі шыққан контекстті менюдегі Edge бұйрығын таңдау, немесе “е” әрпін енгізу керек. Содан кейін көпбұрыш қабырғасының әрбіреуінің жерін анықтайтын екі нүкте белгілеу керек.
Inscribed in circle: тышқанның оң батырмасын басқаннан кейінгі шыққан контекстті менюдан шеңбердің орталығы берілгеннен кейін Inscribed in circle(шеңберге жазылған): бұйрығын таңдау қажет. Осылайша көпбұрыш шеңбер ішінде пайда болады да, шеңбер оның шыңдарымен түіседі.
Circumscribed about circle: бұл параметрдің таңдау жолы да сондай, бірақ көпбұрыш контекстті менюдан Circumscribed about circle: параметрін таңдап немесе бұйрықтық жолға “с” әрпін енгізу арқылы пайда болады. Сөйтіп біз шеңбер сыртында пайда болған көпбұрыш аламыз.
Polygon бұйрығы да, соңында бір объект деп қабылданатын сынықтар сызады.
Circle (Шеңбер): Бұл бұырықты Draw панелінен таңдай аласыз. Таңдауға жауап ретінде AutoCAD параметрлер тізімін шығарады:
3Р(3 нүкте): бұл параметрді таңдасақ, шеңбердің ортасын, және екі нүктесін белгілеу арқылы шеңбер құрамыз.
2Р(2 нүкте): бұл жерде шеңбердің екі нүктесін ғана енгіземіз.
Tan tan radius: бұл параметрді қолдану үшін “t” немесе “ttr” аббревиатураларын енгізу керек. Specify point on object for first tangent of circle: пайда болатын шақыруға жанама болатын нүкте көрсету керек. Кейін шығатын Specify point on object for second tangent of circle: шақыруына екінші нүктені көрсету керек. Соңғы этап – радиус белгілеу.
Тағы да Donut(Жүзік) бұйрығы бар. Ол бұйрық ортасы бір, бірақ диаметрлері түрлі шеңберлер сызады.
Arc(Доға): Бұл параметрді қолдану үшін Draw құралдар панеліндегі Arc батырмасын басыңыз. Одан кейін шығатын шақыруларға, сізге сәйкес жауап қайтару арқылы, қалаған доғаңыз пайда болады.
Angle(орталық бұрыш)
Center(орта) Length of chord(хорда ұз-ғы)
Endpoint(ақырғы нүкте)
Angle(орталық бұрыш)
Start point Direction(бағыт)
End(соңы) Radius(радиус)
ARC Center point(орталық нүкте)
2nd point(2ші нүкте) Endpoint(ақырғы нүкте)
Angle(орталық бұрыш)
Center(орта) Start(Басы) Length of chord(хорда ұз-ғы)
Endpoint(ақырғы нүкте)
Ellipse(Эллипс): AutoCAD-та эллипстың сызылуы Ellipse бұйрығымен жүзеге асырылады. Ол бұйрық Draw панелінде орналасқан. Сұхбат процесінде AutoCAD-ң сұрайтын ақпараттан басқа, эллипстың белгіленетін өс бағытын білу қажет. Эллипс өстері координаттар өсіне параллель бола бермейді. Бұл бұрыш, сіздің екінші белгіленген өс нүктесімен белгіленеді. Ал екінші өстің бағыты болса, әрқашан бірінші өске перпендикуляр.
Ellipse arc(Эллиптикалық доға): Бұл Draw панеліндегі жаңа бұйрық. Бұл бұйрықты таңдағанда Arc параметрлі Ellipse бұйрығы орындалады.
Point(Нүкте): Бұл өте қарапайым, бірақ кең қолданымда болған параметр. Ол Draw панелінде. Таңдалғанынан кейін мынадай ақпарат шығады:
Current point modes: PDMODE=34 PDSIZE=0.0000
Specify point:
Мұндағы PDMODE – нүкте салынуының стилінің кодын анықтайды
PDSIZE – нүкте шамасын белгілейді. Бұл айнымалыларды FormatPoint Style менюінде (1.2-сурет) өзгертуге болады. Ал келесі шақыруларға кез-келген методбен нүкте белгілеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |