Autocad жүйесімен танысу


AutoCAD жүйеде мәтін орындау және пішін даярлау



бет2/2
Дата11.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#174259
1   2
Байланысты:
2.Апта

AutoCAD жүйеде мәтін орындау және пішін даярлау


AutoCAD жүйеде қысқа сөйлемдерді орындағанда біржолды мәтінді таңдаған өте ыңғайлы болады. Әрбір мәтін орындалған жолды қалаған жерге жылжыта аласыз. Орындалатын графикалық жұмыстардың бірінші бетін толтыруға кірісейік. Алдымен мәтін жазу үшін пішін қабылданып, оны даярлаймыз. Алдымен А4 пішінді орындайық. Рисование мәзірінен отрезок пиктограммасын басамыз. Компьютердің әмір жолында (алдағыда қысқаша ӘЖ) первая точка жазуы шығады. Оған экранның бос жеріне тұрып, тінтіуірдің сол жағын басып, оңға қарай бағыттағанда ӘЖ следующая точка жазуына клавиатура арқылы 210 Enterді басып, тінтіуірді жоғары бағыттап 297 Enter, солға қарай бағыттап, 210 Enter, төмен қарай бағыттап 297 Enterді береміз. Сонымен А4 пішін орындалды. Енді рамка жүргізу үшін, оңға бағыттап 20 Enter, жоғары бағыттап 5 Enter, оңға бағыттап 185 Enter, жоғары бағыттап 287 Enter, солға бағыттап 185 Enter, төмен бағыттап 287 Enterді басып Esc көмегімен әмірден шығамыз. Рамка мен пішінің арасындағы 5 мм кескіннің үстіне тұрып, тінтіуірдің сол жағын басып, одан кейін Deleteні басқанда кескін өшіп қалады. Енді тінтіуірдің көмегімен (түзудің үстіне тұрып тінтіуірдің сол жағын басады) жүргізген рамканы белгілеп, жүзу мәзірінен свойстваның оңжақ шеткі ПоСлою ашып, сызықтың жуандығын бересіз. Стандартта жуан сызықтың өлшемі 0.5-1.4мм қарастырылған. Сондықтан компьютерде 0.70 таңдалады. Оны тексеріп көру үшін компьютердің жұмыс жағдайынан отображение линий в соответствии с весами қосқанда сызықтың жуандығы көрінеді.

129 – сурет




Енді осы орындалған пішінде мәтін орындауға кірісейік. Текст жүзу мәзірінен однострочныйды қабылдағанда ӘЖ. Начальная точка текста или...сұрағына экранның бос жеріне тінтіуірдің сол жағын басып, оңға бағыттаймыз, ал егер солға бағыттасақ жазуымызды төңкеріп жазып шығады. Тінтіуірдің сол жағын екінші рет басып жазуға кірісеміз. Бір жолды жазғаннан кейін Enterді басып келесі жол жазылады.
Әрбір жазылған жолды қалаған жерге жылжыта аламыз. Ол үшін компьютердің жұмыс жағдайынан ортоны және объектная привязканы өшіреміз. Мәтіннің үстіне тұрып тінтіуірдің сол жағын басқанда, мәтіннің сол жағында көк түсті шаршы шығады, сол шаршының үстінен тінтіуірдің сол жағымен басып, мәтін жолын қалаған жерге орнатамыз.

130 - сурет


1
30а-сурет
Негізгі жазудың өлшемдері және мәтіні.
Ал егер орындалған мәтіннің биіктігін өзгерту қажет болса, оны белгілеп, құлау мәзірінен редактироватьты ашып свойстваны таңдағанда терезе ашылады. Терезеден текстте высота текст көрсетіледі. Қажетті биіктікті енгізіп, Enterді басамыз. Мәтінді тексеріп, кеткен қателер болса жөнделеді. 129 – суретте сызба мұқабасын орындау үлгісі латын қарпымен жазылған. Енді мұқабаның жанына сызба орындауға А4 пішінін даярлаймыз.
Оған мұқаба беттегідей А4 пішінін және сызба алаңының рамкасын саласыз. Бұлар жоғары орындалған қадамдар бойынша орындалады. Пішіннің төменгі жағында МЕСТ 2. 104 – 68 стандарттағы негізгі жазудың 1 – түрі орындалады. Компьютердің жұмыс жағдайындағы ортоны және объектная привязканы қосамыз. Рисование мәзірінен отрезок пиктограммасын басасыз да рамканың төменгі оң жақ бұрышына тұрып, тінтіуірді жоғары бағыттап 55 Enterді, солға бағыттап 185 Enterді, төмен бағыттап 5 Enterді, оңға бағыттап 65 Enterді, одан кейін Esc басып әмірден шығамыз.Негізгі жазудың сол жағындағы сандарды қосқанда 65 шығады (7+10+23+15+10).
Жүзу мәзірі редактированиеден смещениені қабылдап 5 Enterді бергенде курсор шаршы болып өзгереді. Енді соңғы үзындығы 65 мм сызықтың үстінен басқанда жанынан 5 мм қашықтықта ұзындығы 65 мм сызық орындалады, оның үстінен басқанда келесі сызық орындалады. Осы жолмен негізгі жазудың сол жағы аяқталады. Негізгі жазудың оң жағын аяқтағаннан кейін, негізгі жазудың жуан сызықтарының қалыңдығы және мәтіні толтырылады. Даярланған А4 пішін сызба орындауға даяр (131 – сурет). Мәтін орындалмаған графалар әр жұмыста жеке толтырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет