Availability Тyтастық – Целостность – Integrity



бет1/3
Дата07.06.2023
өлшемі0,78 Mb.
#178395
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Ақпараттық қауіпсіздік


Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық қауіпсіздік


Aқпараттық қауіпсіздік –Информационная безопасность – Information security
Қолжетімдік – Доступность Availability
Тyтастық – Целостность – Integrity
Құпиялылық – Kонфиденциальность – Confidentiality


Негізгі материал
Бүгінгі күні әрекетіміздің басым бөлігі компьютерлік технологияға тәуелді болғандықтан, ақпараттық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға міндеттіміз.
Ең алдымен, мемлекеттік және әскери құпиялар, заңнамалық және дәрігерлік құпияларды сақтау маңызды болып саналады. Сонымен қатар жеке басымызға қатысты ақпараттарды да құпия сақтауымыз керек. Олар: жеке басымызды куәландыратын құжаттағы ақпараттар, сайттағы логин мен құпиясөздер және тағы басқа да деректер.
Ақпараттық қауіпсіздік – ақпараттың бұрмалануы немесе жо ғалуы салдарынан қолдануға орны толмас зиян келтіретінкез келген әрекеттерден ақпаратты қорғау.
Ақпараттық қауіпсіздік – ақпараттың қолжетімдігін, тұтастығын және құпиялылығын қамтамасыз ету үрдісі.
Виртуалды кеңістікте орындайтын мақсаттарымыз бен міндеттерімізге байланысты осы аталған ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі үш түсінігінің әрқайсысы үшін түрлі қорғау шаралары қажет болады.
Мысалы, біз виртуалды кеңістікті веб-парақшаларды қарау үшін ғана қолданатын болсақ, онда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірінші кезектеантивирустықпрограммаларды қолдану, Интернет желісінде жұмысістеудің қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажетболады.
Ақпаратты қорғау – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Ақпаратты қорғауда деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен ақпарат қорларының тұтастығын, қолжетімдік оңтайлылығын және құпиялылығын қамтамасыз ете аламыз.
Ақпаратты қорғау нәтижесінде мына сызбадағылар қамтамасыз етілуі керек (1-сызба):



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет