Авеста – ертедегі парсылардың діни кітабы Антропология



бет12/14
Дата16.09.2022
өлшемі37,78 Kb.
#149696
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
глоccарий

Идеологияқоғамдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы.
Казактар – ХVІІІ ғасырдан 1917 жылға дейін Ресей империясында болған әскери әлеуметтік топ.
Кредит несие – тауарларды немесе ақшаны белгілі процент мөлшерінде несиеге беру.
Қайта-құру – Кеңес қоғамындағы тоқырау процестерін жойып, қоғамдық-әлеуметтік дамуды жеделдетуге, демократия мен жариялылыққа негізделген жаңа бағыт.
Қоғам – адамдар арасында тарихи қалыптасқан саяси-әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың тұрақты жүйесі.
Қоғамдық қатынастар – адамдардың бірлескен практикалық және рухани қызметі процесінде олардың арасында қалыптасатын қатынастар.
Мәдениет – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (белгі жүйелерін және т.б. жасау) және затсыздандыру (мәдени мұраны меңгеру) процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады.
Мемлекет – қоғамды басқарудың, оның экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғауды іс жүзіне асырушы қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты.
Миграция – бір жерден екінші бір жерге көшіп-қону.
Өкілетті елші – шет елде өз елінің мүддесін қорғауға толық құқығы бар елші.
Өркениет – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы.
Патриотизм – адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім, оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс.
Репрессиялау – адамдардың белгілі тобын мемлекет тарапынан саяси қудалау.
Шетке шығару, шеттен келтіру (экспорт, импорт) – мемлекетаралық сауда операциясы: шет елдерге товар шығарып сату, шет елдерден товар сатып алу.
Таптар – адамдардың қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір жүйесіне алатын орнына қарай, өндіріс құрал-жабдықтарының қатынасына қарай, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы роліне қарай, демек, қоғамдық байлықтан алып отырған үлесінің мөлшеріне және ол үлесті бөлу әдістеріне қарай жіктелетін үлкен топтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет