“Нұр Отан” ХДП-нан ұсынылған, №6 сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат ДИВАК Татьяна Юрьевнаның ӨМІРБАЯНЫ Мен, Дивак Татьяна Юрьевна, 1961 жылы 1 маусымда Целино-град облысы, Жақсы ауданының Калмақкөл ауылында тудым. 1978 жылы Моховой орта мектебін тәмамдадым. Білімім – жоғары. Көк-шетау университетін аяқтадым. Қазіргі уақытта Ешім орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеймін. 2011 жылы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталдым. Тұрмыстамын, үш балам бар. САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ Мен Жақсы ауданында туып - өстім. «Нұр Отан» Халықтық-Де-мократиялық партиясының атынан аудандық мәслихаттың депу-таттығына дауысқа түсе отырып, өзімнің ең басты міндетім, пар-тияның бағдарламасын орындау, сайлаушылардың мүддесін жет-кізіп және оны жүзеге асыру деп есептеймін. Егер менің сайлаушыларым маған сенім артып, аудандық мә- слихаттың депутаттығына сайлансам, онда: - Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың ұлтаралық келісімге, бір-лікке, Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың достығына бағыттал- - ған саясатын қолдаймын;
- - мүгедектердің, тұрғындардың аз қамтылған бөліктерінің, еңбек ардагерлерінің мүдделерін қорғаймын, әлеуметтік жеңілдіктердің берілуіне ықпал жасап, бұл мәселе-лерді үнемі қадағалап отырамын;
- - Көксай, Терісаққан, Ешім ауылдарының әлеуметтік саласын жақсартып, тұрғын-дарының жағдайларын барынша қолайлы етуге көмектесемін;
- - тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін мектептер мен ме-дициналық мекемелердің материалдық – техникалық қорын нығайтуға бар күшімді са-ламын;
- - аудандық бюджеттен сайлау округі тұрғындарының қажеттілігіне – көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көшелерді жарықтандыру және ауылішілік жол-дарды жөндеуге қаржы бөлінуіне қол жеткіземін;
- - ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін «Ақ бұлақ» бағдарла-масы бойынша белсенді жұмыс жүргіземін;
- - шаруа қожалықтарын нығайтуға, оларды несиелендіру бойынша мәселелерді ше-шуге көмектесемін;
- - жастардың ауылдық жерлерде тұрақтап қалуы үшін жастар саясатының жүзеге асырылуына көңіл бөлемін;
- Егер сайлаушылар менің сайлауалды бағдарламамды талдай отырып, сенім артып, аудандық мәслихаттың депутаты етіп сайласа, мен сайлау округімдегі мәсе-лелердің шешілуіне барлық күш – жігерімді саламын.
|