Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5



бет26/60
Дата05.02.2022
өлшемі206,21 Kb.
#1206
түріБиография
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • Құрметті сайлаушылар, жерлестерім!
  • «Нұр Отан» Халықтық - Демократиялық партиясының атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына ұсынылуым мен үшін үлкен құрмет, зор жауапкершілік. Партияның «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Жаңа іс-қимыл жоспары» жаңа бағдарламасы «Нұр Отан» ХД партиясы мүшелерінің біз-дің мемлекетіміздің стратегиялық жоспарын жүзеге асыруына қатысула-рын айқын анықтайды.
  • Мамандығым бойынша дәрігермін, мен қызмет бабым бойынша ау-
    • дан тұрғындарының көпшілігімен кездесіп отыруға тура келеді. Әлемдік денсаулық сақтау ұйы-мының анықтауына сәйкес, денсаулық – ол адамның әлеуметтік, психологиялық, физиалогиялық күйі. Әр науқасқа өз денсаулығын жақсартуға, уақытылы білікті көмек алуға барымша мүмкіндік жасаймын.
    • Науқастарға сапалы көмек көрсету үшін жақсы, заманауи аппараттар қажет. Депутаттық ман-датты пайдалана отырып, аудандық орталық аурухананың материалды-техникалық базасын ары қарай нығайту үшін қаражаттың бөлінуін талап етемін.
    • Науқастардың көбі жасы жеткен адамдар, көпбалалы аналар, мүгедектер. Бұндай науқастар ерекше көз қарасты қажет етеді.
    • Тегін және жеңілдікпен алуға болатын дәрі-дәрмектер, емдеу мәселелерін шешуге назар бө-лемін.
    • Күнделікті мәселелерді шеше отырып, көз айбынынан салауатты өмір салты мәселелерін де тыс қалдырмаймын. Тұрғындар арасында денсаулықты жақсарту, сақтап қалу үшін ақпараттық-тазалық жұмыстарын енгізу үшін бар мүмкіндікті пайдаланамын.
    • «Кадрлар бәрін шешеді» деген түсінік қалыптасқан. Бүгінгі күні аудандық орталық аурухана медицина кадрларымен жақсы қамтылған. Жеткілікті іс-тәжірибесі бар дәрігер ретінде жастардың қажетті деген білім мен тәжірибе алулары үшін ұстаздық қозғалысты белсендіртемін.
    • Ана ретінде баланы балабақшаға орналастыру қиындықтарын білемін. Ауылдағы бір ғана балабақша әрине аздау. Сондықтан да Жақсы ауылынды тағы бір балабақшаның салынуын та-лап етемін. Өкінішке қарай, біздің ауылымызда шағын аудандағы бір ғана балалар ойын алаңы орналасқан. Әсіресе жазғы күндері балаларымызға бос уақыттарын өткізетін орын жоқтың қасы. Сондықтан балалар ойын алаңын шағын ауданда ғана емес басқа жерлерде де жөнге келтіру ке-зеңі жетті.
    • Соңғы жылдары аудан орталығында санитарлық тазалау, гүлзарларды орнықтыру жұмыс-тары бойынша көп істер атқарылды. Бұл әрине қуанарлық жайт. Мүмкіндігімше депутаттық қыз-метім барысында осы мәселелерге де көңіл бөлемін.
    • Қазақстан Республикасының саналы азаматы ретінде, көп балалы отбасында өскендіктен, бәріңіз сынды еліміздегі тыныштық пен бірлікті бағалаймын. Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен тұ-рақтылықты нығайтуды, барлық қазақстандықтардың ары қарай өсіп, өркендеулері үшін Прези-дентіміз Н. Ә. Назарбаевтың саясатын белсенді қолдау басты парызым деп ойлаймын.
    • Менің сайлауалды бағдарламам өз күшіне және оны жүзеге асыру тек қана егер сіз, менің таңдаушыларым сайлау күні сайлау учаскісіне келіп менің бағдарламам мен мен үшін дауыс бе-руді жөн көрсеңіз ғана жүзеге асады. Бұл тапсырмалар орындалады оған мен сенімдімін және біз бәріміз бірлесіп оны шеше аламыз. Себебі «Нұр Отан» ХД партиясы – бұл нақты істердің, көп-шіліктің, біздің Президенттің партиясы.
    1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет