«Нұр Отан» ХДП – нан ұсынылған, №9 сайлау округі бойынша аудандық маслихат депутаттығына кандидат Асқаров Құмар Ерхатұлының Ө М І Р Б А Я Н Ы Мен, Асқаров Құмар Ерхатұлы, 1978 жылы Торғай облысы, Державин ауданы, Западное ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келдім. 1985 жылы Алтынсарин орта мектебінің 1 – сыныбына қабылдан-дым. 1995 жылы Майкутов орта мектебін үздік аяқтадым. 1995 жылы Торғай аграрлық – техникалық колледжінің агрономия фа-культетіне түсіп, 1998 агроном – экономист мамандығын алып шықтым. Еңбек жолым 1998 жылы Торғай облысы, Амантоғай ауданы, Бүй-ректал ауылында агроном – есепші мамандығынан басталды. 1999 жылдан бастап Подгорный ауылында тұрып, еңбек етудемін. 1994 – 2004 жылдар аралығында осы шаруашылықта механизатор болып жұмыс істедім. 2004 жылы Жақсы мемлекеттік сұрыптау учаскесіне агроном болып ауыстым. Сол жылы «Подгорное - 1» ЖШС – нің бас агрономы болып та-ғайындалдым. 2009 жылы «Жылдың үздік агрономы» атандым. 2010 жылы жолдасыммен бірге жас маман ретінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдауында болдым. -
- «Нұр Отан» ХДП – ның мүшесімін.
- Отбасылымын, екі қызым бар. Жолдасым Асқарова Әсел Серікқызы – Подгорное орта мектебінің педагог – психологі.
Достарыңызбен бөлісу: |