САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ Мен, Жақсы ауданының тумасымын. Менің барлық өмірім осы елдің адамдарымен, осы жермен тығыз байланысты. "Нұр Отан" Халықтық - Демократиялық партиясының атынан аудандық мәслихат-тың депутаттығына кандидат ретінде дауысқа салына отырып, өзімнің партияласта-рымның маған артқан сенімінің өте жауапты екенін түсінемін. Егер мені сайлаушыларым қолдап, мен аудандық мәслихаттың депутаты болып сайлансам, онда: - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бірлікті, тұрақтылық-ты, Қазақстандағы ұлтаралық келісімді сақтау бойынша идеяларын толықтай қолдай-мын. - Мен шаруа қожалығының басшысы болғандықтан, аудан экономикасын өзімнің шаруашылығымды нығайту, яғни тұрақты түрде жоғары сапалы егін алу үшін, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу арқылы, қосымша жұмыс орындарын құруға, салықтө-леуші ретінде аудан бюджетін толықтыруға белсене араласамын. - Қайрақты және Перекатный мектептерінің материалдық - техникалық қорын ны-ғайту бойынша белсене жұмыс жасап, қосымша қаржылай қолдаудың бөлінуіне қол жеткіземін. - Сайлау округімдегі елді мекендердің жайласуына белсенді атсалысуды өзімнің азаматтық парызым деп есептеймін, яғни, көгалдандыру, ауыл арасындағы жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, аумақты қоқыстан тазарту мәселелерін алға қой-мақпын. - Сайлаушыларымның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі бойынша сұрақтарды қойып, шешілуін талап етемін. - Мүгедектерге, еңбек ардагерлеріне, көпбалалы отбасылары мен аз қамтылған азаматтарға аудан бюджетінен толық және кепілді әлеуметтік қолдау көрсетілуін үнемі назарымда ұстаймын. - Жастар саясатының жүзеге асырылуын, олардың жұмыспен қамтылуын және ауылдық жерлерде жастардың орнығуына көңіл бөлемін. Мен бір жыл бұрын ғана аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған бола-тынмын. Менің бағдарламамның мақсаттары қатты өзгере қойған жоқ. Бүгінгі күні депу-таттық қызметімде біршама тәжірибе жинақталды. Егер сайлау кезінде сіздер маған дауыс берсеңіздер, менің әлеуетті мүмкіндіктерім менің сайлауалды бағдарламамды толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Құрметті сайлаушылар! Маған дауыс бергендеріңіз, ол "Нұр Отан“ ХД партиясына дауыс бергендеріңіз. - секретарем Жаксынского райкома партии.
- С декабря 1991 года и по настоящее время работаю директором ТОО «Каражон» (ранее совхоз «Кировский»).
- Женат, имею детей и внуков.
Достарыңызбен бөлісу: |