жасыру және «проценттікке» көп көңіл аударуына қарсы пікір айтып бастыққа «жақ-пай» қалдым. Содан 1985 жылы «бастықтың түрткілеуінен» қызметтен кетуге мәж-бүр болдым.
1986-1993 жылдары Ақмола қаласында тұрып «Целиноградсельмаш» өндірістік бірлестікте әртүрлі қызмет атқардым. 1988-1993 жылдары елімізде алғашқы болып құ-рылған «Ана тілі» қоғамының Кеңес мүшесі болдым. 1989 жылы төрт завоттарды бі-ріктірген Ақмола қаласының жас жұмысшылар Ассоциясын құрдым. Аталған Ассоциа-цияда төрағалық еттім. 1990-1993 жылдары қалалық «Ақмола ақиқаты» газетінде бө-лім бастығы болдым. 1994 жылы Жақсыға оралып, жекеменшік кәсіпкерлікке қөштім. 2007 жылы осы аймақта алғашқы болып қоғамдық-ақпаратты «Қарауыл» газетін шы-ғара бастадым. Газеттің бас редактор қызметін атқардым.