Мен, Жақсы ауданының тумасымын, менің барлық өмірім өз туған ауданыммен байланысты, ауылды мектепте жұмыс істеймін сондықтан да аудандық маслихаттың депутаттығына кандидат ретінде дауысқа түсе отырып, ең алдымен біздің Отаны-мыздың гүлденуі, бәсекеге қабілетті жас жеткіншектердің тәрбиесі менің міндетім болып табылады.
Егер менің сайлаушыларым үміт артып, мені аудандық мәслихатқа депутат етіп сайласа, онда:
- Н. Ә. Назарбаевтың экономикалық тұрақтылықты, ұлтаралық келісім мен шыдам-дылыққа шақыратын, демократиялы саясатты-құқықтық жүйедегі дамушы мемлекеттің құрылуы мен дамуы саясатын қолдаймын.
- Мұғалім және мектеп директоры ретінде жас жеткіншектердің тәрбиесі мен білім сапасын көтеру бөлімі бойынша Президент Жолдауының жүзеге асуы бойынша жұмыс істеймін.
- Білім сапасының көтерілуі мен еңбекке шығармашылықпен қарау жолында педа-гогтарға қосымша жеңілдік зейнетақы төленуінің қайтарылуына ықпал етемін.
- Ыңғайлы өмір сүру мақсатында ауылдың инфраструктуралы дамуы мен көрке-юіне ықпал етемін.
- Мүгедектер мен еңбек ардагерлерінің, әлеуметтік-қорғаусыз ауыл тұрғындарының мүдделерін қорғай отырып, барлық әлеуметтік жеңілдіктердің орындалуын қадағалай-мын.
- Елді мекендердің көгалдандырылуы мен ауыл көшелерінің санитарлық тазалануы мен жарықтандыру, облыс пен ауылды жерлерге автобустың қатынауы, жолды жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен қаражаттың бөлінуіне ықпал жасаймын.
- Туған өлкемнің экологиясын қорғау және сақтау, мақсатында «Ақ бұлақ», «Жа-сыл ел» бағдарламаларының белсенді қатысушысы және жақтасы боламын.
- Егер сайлаушылар менің сайлау алдындағы бағдарламамды оқып, аудандық мә-слихаттың депутаты етіп сайласа, өз сайлау округімнің сұрақтары мен мәселелерін шешу үшін және Қазақстанның гүлденуі мен дамуы жолында аянбай еңбек етемін.
Жаңашыл бәсекеге қабілетті дамыған Қазақстан - барлығы да маған және саған ға-на байланысты!