САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ Мен, «Нұр Отан» Халықтық – Демократиялық партиясының атынан аудандық мә-слихаттың депутаттығына кандидат ретінде дауысқа салына отырып, менің ең бірінші кезектегі міндетім – бұл «Нұр Отан» ХД партиясының жаңа бағдарламасында айқын-далған Отанымыздың гүлденуі үшін жұмыс атқару деп есептеймін. Егер менің сайлаушыларым маған сенім артып, аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланатын болсам, онда: - Н. Ә. Назарбаевтың демократиялық саяси – құқықтық жүйелі, экономикасы тұрақ-ты, этникааралық келісімді, конфессияаралық толерантты, табысты дамыған мемле-кетті дамыту саясатын қолдаймын; - Шаруашылық басшысы ретінде ауыл шаруашылығының дамуына, мемлекеттік тұ-рақты экономикалық жағдайына ықпал жасаймын; - Өзімнің депутаттық құқығымды сайлаушыларымның мүддесін қорғауға, яғни, ла-уазымды тұлғалардан сайлаушыларымның әр саладағы мәселелеріне, әсіресе әлеу-меттік саладағы сұрақтарына жауап талап етемін; - Ауыл тұрғыны ретінде, ауыл тұрғындарының мәселелерін жақсы түсінгендіктен, әрқашан ауыл шаруашылығын көтеру, мал шаруашылығын дамыту, жаңа жұмыс орын-дарын ашу, жұмыссыздықты төмендету мәселелерін шешуге көмектесемін; - Инфрақұрылымы дамыған, өмір сүруге мейілінше ыңғайлы ауылды дамытуға ық-пал етемін. - Тұрғындардың әлжуаз бөлігіне, мүгедектер мен еңбек ардагерлеріне жеңілдіктер берудің орындалуын талап етіп, мүдделерін қорғаймын; - Аудандық бюджеттен ауыл көшелерін жарықтандыруға, санитарлық тазалауға, кө-ріктендіру мен көгалдандыруға, жолдарды жөндеуге қаражат бөлінуін талап етемін; - «Ақ бұлақ», «Жасыл ел» бағдарламаларына жақтасып, туған өлкеміздің эколо-гиясы мен табиғатын қорғау мен сақтауға белсене араласамын. - «Нұр Отан» ХД партиясының мүшесі ретінде оның Көшбасшысының қоғамды демократияландыруға, еліміздегі экономикалық реформаларды және саяси жаңғыр-туға бағытталған барлық бастамаларын қолдаймын; Алға қойған мақсаттардың барлығы адамдардың тілектері мен өзара келісім, күші-міз біріккен жағдайда ғана орындалмақшы. Сондықтан, сайлау округімдегі ауылдарым-ның тұрақты дамуын, өзара түсіністік, тұрғындар арасында ұлтаралық келісімін қамта-масыз етуді өзімнің азаматтық парызым деп білемін, өйткені, тек қана бейбіт өмір сү-ріп, бірлесе еңбек еткен қоғам ғана гүлдене бермекші. Менің сайлауалды бағдарламамда анықталған мақсаттар нақты, әрі түсінікті. Таңдау сіздердің қолдарыңызда.
Достарыңызбен бөлісу: |