САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ Аудандық маслихатқа депутаттыққа үміткерлікке өзімді ұсына отырып, елімізде, облысымызда, ауданымыздағы қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер туралы ойланудамын. «Нұр Отан» ХД партиясынан үміткер бола отырып ҚР Президенті Н. Ә. Назар-баевтың саясатын қолдап елімізде бейбітшілік пен келісімді нығайтуды, тілімізді, ауданымызда тұратын ұлттардың ұлттық дәстүрімізді құрметтеуді қолдаймын. Әр адамда өз арманы болады, сол сияқты менің де шынайы арманым бар. Сол арма-нымды іске асыруға ты-рысамын. Менің сайлауалды бағдарламам әр адамға жақын және түсінікті. Білім саласының қызметкері ретінде ең бірінші міндетім бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, бұл еліміздің басты байлығы деп білемін. Мен бар күш, қуатымды балалардың, отбасының құқығын қорғауға жұмсаймын, білім алу мен салауатты өмір салтын насихаттаймын. Сондықтан бағдарламамның бірінші мақсаты мыналар: 1. Депутаттық міндеттерімді адал атқару; 2. Білім туралы заңды орындау, Қазақстан Республикасының тілдер туралы кешенді бағдарламасын енгізу; 3. Мектепте оқу-тәрбие жұмысы жемісті болу үшін, даярлық балалар мекемелері жақсы дамыған болу керек. Запорожье ауылында бала бақшаның ашылуын талап етемін; 4. Көп балалы, мүгедек адамдарға, мүгедек – балаларға, жетім балаларға қажетінше қалыпты көмек көрсетіп, қолдау жасау; 5. Білім мекемелеріне материалдық – техникалық базасын нығайтуға қолдау көр-сету; 6. Балалар мен жастардың бос уақытын сапалы өткізуін ұйымдастыру, спорттық іс – шараларды көбейту, салауатты өмір салтын насихаттау; 7. Запорожье ауылының тұрғыны болғандықтан, ауыл тұрғындарының өмірі жоғары деңгейде болғанын қалаймын. Ауылды сумен қамтамасыз етуге, жолдарды жөндеуге, көшелерді жарықтандыруды талап етемін. Құрметті сайлаушылар! Осы мәселелердің шешілуі сіздердің сайлауға белсене қатысуларыңызға байланысты. 2012 жылғы 15 қаңтарда болатын сайлауда барлық-тарыңыз маған дауыстарыңызды беріп, депутат болып сайлансам бағдарламамдағы айтылғандардың орындалуына және өз тарапымнан сіздердің артқан сенімдеріңізді ақтауға тырысамын.
Достарыңызбен бөлісу: |