Мен Қайрақты ауылында тұрып жатырмын. Саналы ғұмырымда ауылда туып-өскендіктен, қазіргі замандағы ауыл өмірінің тыныс-тіршілігі маған жақсы таныс. Сон-дықтан елімізді астықпен қамтамасыз етіп отырған ауылдардың тағдырына немқұрай-лықпен қарай алмаймын.
Аудандық маслихаттың депутаттығына үміткер ретінде дауысқа түсіп отырмын. Менің ең негізгі міндетім өзімнің сайлаушыларымның мүдделерін жеткізуге, оларды жүзеге асыруға талпынамын деп білемін.
Егер менің сайлаушыларым маған үміт артып, аудандық маслихатқа депутат болып сайланатын болсам, онда:
- Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың біздің мемлекетіміздің әл-ауқатына негізделген саясатын қолдауға тырысамын;
- өзім тұрып жатқан округ тұрғындарының мүдделерін ауданда қорғаймын;
- мүгедектерге, зейнеткерлер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға көмек көрсетуге күш саламын;
- округтегі мұғалімдер ұжымының әлеуметтік мәселелері бойынша мүдделерінің орындалуын қадағалаймын;
- ауылдық жерде жастар саясатының іске асырылуына ат салысамын;
- ауылдық елді мекендерді көркейту мақсатында аудандық бюджеттен қаражат бө-лінуін қадағалаймын;
- мүмкіндігінше округтің медициналық қызметкерлеріне алғашқы медициналық кө-мек көрсетулеріне жағдай жасауға тырысамын;
- округтегі мекептің статусын сақтап қалуға ат салысамын;
- жеке шаруа қожалық басшыларымен ауылдық жерге жанұялардың келуіне жағдай жасай отырып және жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар жүргізуге тырысамын.
Тұрғындардың қажетті материалдық игіліктермен қамтамасыз етілуін қадағалай-мын.