«Нұр Отан» ХДП-нан ұсынылған, № 11 сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ҚҰСАЙЫНОВ Қайыржан Қожахметұлының
ӨМІРБАЯНЫ
Мен, Құсайынов Қайыржан Қожахметұлы, 1975 жылдың 19 қаңтарында Көкшетау облысы, Щучье ауданы, Щорс ауылын-да дүниеге келдім.
1990 жылы Көкшетау қаласының №10-шы сегіз жылдық мектебін бітірдім.
1990-1994 жылдары Көкшетау қаласының политехниқалық техникумында автомобильді жолдар және аэродромдар құры-лысы, пайдалануы және жөндеуі мамандығы бөлімінде оқы-дым.
1995-1999 жылдары Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқ-тадым.
1999 жылы Көкшетау қаласының жалпы білім беретін
№15 мектебінде тарих және дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істедім.
2000-2002 жылдары Көкшетау қаласының көпсалалы №5 «Таңдау» гимназиясында тарих және дене шынықтыру пәндерін жүргізіп, сол жылдары балалар және жасөс-пірімдер мамандандыру спорт мектебінде жаттықтырушы жұмысын қосымша атқар-дым.
2002 жылы Жақсы ауданы «Т. А. Уалиев атындағы спорт мектебі» ЖШС баскетбол жаттықтырушысы ретінде қабылдандым.
Үздіксіз жұмыс істей жүріп, Көкшетау Университетін бітірдім, денешынықтыру және спорт БАКАЛАВР біліктілігі мен академиялық дәрежесі берілді.
2007 жылдан бастап маған «Т. А. Уалиев атындағы спорт мектебі» ЖШС ұйымдас-тыру мәселелері жөніндегі менеджер міндеті жүктелді.
2008 жылдан бастап ХД «Нұр Отан» партиясының мүшесімін және Саяси кеңес құ-рамындамын.
2009 жылы Ұлттық баскетбол федерациясымен Қазақстан Республикасының бала-лар баскетболы бойынша үздік жаттықтырушысы болып танылдым. Менің тәрбиеле-ген оқушыларым еліміздің жастар құрамасында ойнайды және Қазақстан Республика-сы чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпиондары мен жүлдегерлері.
2011 жылдың қараша айында Жақсы аудандық БжЖСМ директоры болып тағайын-далдым.