Жақсы ауылында туып, осында ер жеткен азамат ретінде, мен өз тәжірибем бойынша аудан орталығы тұрғындарының мұң мұқтажын және ел мүддесін жақсы бі-лемін.
Егер, сіздер маған сенім білдіріп аудандық мәслихаттың депутаттығына сайласа-ңыздар, мен өз білімімді, тәжірибемді мына мәселелерге жұмсаймын:
- Елбасының жүргізіп келе жатқан саясатын және "Нұр Отан" ХДП-ның бағдарла-масын жүзеге асыра отырып, депутаттық міндеттерімді адал атқаруға күш саламын.
- Жақсы ауылының орталық көшелерінің асфальтталуын аяқтап, басқа да көше-лерге асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуге белсене араласамын.
- С. Жақыпов атындағы, Советская және Жақсы ауылының оңтүстігіндегі шағын аудан көшелерін қалыпқа келтіру үшін қаржы бөлгізуге ат салысамын.
- Жоғарыда аталған көшелерді жарықтандыру жұмыстарына өз үлесімді қосамын.
- Жақсы ауылының оңтүстігінен осы ауылдың орталығына теміржолдан өту үшін арнайы жаяу жүргіншілерге шағын өткізу нысанын салу жұмыстарын "ҚТЖ" ҰК акцио-нерлік қоғамы басшылығымен келісу жұмыстарын жүргізуге араласамын.
Жүргіншілерге және вокзал қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалуын және те-міржол вокзалын жөндеуден өткізуге "ҚТЖ" ҰК акционерлік қоғамы басшылығымен бір-лесіп бар күш-жігерімді жұмсаймын.
Құрметті сайлаушылар! Таңдау құқығы өздеріңізде. Мен аудан тұрғындарын жақсы білемін және 2012 жылы 15 қаңтарда сайлауға қатысуға ат салысатындарыңызға се-німдімін. Егер маған дауыс берсеңіздер, менің сайлауалды бағдарламам ойластырыл-ған және оның орындалатылына сіздерді сендіремін.
«Нұр Отан» Халықтық - Демократиялық партиясымен, тек қана алға.
тебазы Ерейментауского района Акмолинской области.
С 1998 года по апрель 2009 года работал начальником станции Жаксы Акмолинского отделения дороги АО «НК «КТЖ».
В апреле 2009 года был избран секретарем Жаксынского районного маслихата, где работаю по настоящее время.