Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арналған Жолдауында Қазақстан Республикасының даму жолдарын анықтап, әрі қарай өсіріп өндіруді міндетке қойды. Біздің Жақсы ауданында болашақ жоспары бар, оның орындалуы бірігіп күш, қаржы, өзара түсінушілікті, келісуді талап етеді. Қазақстан Республикасының азаматы және «Нұр Отан» Халықтық - Демократиялық партиясынан аудандық маслихатқа депутат болуға кандидат бола тұрып алға қояр мақсаттарым:
- еліміздің бірінші байлығы ұлтаралық келісім, рухани бір-бірін түсінушілік, осы Қазақстандық патриотизм сезімін нығайта түсуге көп көңіл бөлемін;
- менің бағдарламам көмек қажет етушілерге демеу, колдау беру. Соғыс ардагер-лері мен оларға теңелгендердің, зейнеткерлердің, мүгедектер мен көп балалы отбасы-ларының тұрмыстық жағдайын қадағалап, әлеуметтік қаржы-көмек көрсетілуіне көңіл бөлемін;
- ауыл тұғындарына тұрмыс жағдайларын жақсартып, өз жеке шаруашылықтарын кеңінен көтеруіне, шағын-несие алуына көмек беремін;
- жастардың өрлеуіне, жаңадан оқу орындарын бітірген жас мамандарға жұмысқа орналасып, ауыл жағдайларына нықтап араласып кетулеріне көмек етемін;
- біздің болашағымыз балалар – сондықтан аналардың және балалардың жағдай-ларын жасап, балалардың мектеп қабырғаларынан бастап бәсекелікке төтеп беретін жігерлі адам болып қалыптасуына көмек беруіміз қажет. Өсіп келе жатқан болашақ балалардың оқу сапасын арттыру үшін Беловодск және Лозовской орта мектептеріне бюджеттен көмек қоры болуына көмектесемін;
- өз елін ойлайтын азамат ретінде қоршаған әлемімізге жасыл-желек отырғызу-ларды көбейтіп және қоныстарды таза ұстауға бар мүмкіншілікті қолданамын.
Қымбатты сайлаушылар!
Өздеріңіздің маған деген сенімдеріңіз бекем болып, дауыс берсеңіздер, аудандық мәслихатқа депутаттыққа өткен күнде бойдағы бар күш-қуатымды, өмірлік тәжірибем-ді, білімімді, осы алға қойған мақсаттарымды іс жүзінде көрсете аламын.
Біз бәрімізде бір елдің адамымыз. Отанымыз да, өміріміз де бір.