Республика аумағының ауқымдылығы мен халықтың аз тыңыздалуы, соңғы жылдары қол жеткізіліп отырған Қазақстан экономикасының жоғары даму қарқыны тасымалдаудың артып отырған қажеттіліктерін қалыптастыруда. Сəйкесінше, халық пен жүк ағымдарының қозғалысы шаруашылықаралық байланыстардың, экономикалық даму мен Қазақстан аймақтарының өзара байланысы аясында жылдан жылға мейлінше сұранысқа ие қызмет түріне айналуда. Экономикалық қызметтерінен өзге, көлік əлеуметтік қызметті де атқарады, туыстық, достық қатынастағы халықтың байланысын қамтамасыз етіп, демалысты, білімберуді, мəдени дамуды ұйымдастыруға қатысады жəне де түрлі əлеуметтік мəселелерді шешуге ықпалдасады. Қазақстан негізгі əлемдік нарықтардан тысқары қалған. Осы себептен де Қазақстанның экономикасы жоғары жүк сыйымдылығымен ерекшеленеді. Жүк тасымалдарының 80%-дан астамы құрлықтағы көлік түріне келеді [1 16-б.]. Көлікке мемлекет аралық байланыстарды шешуде ерекше рөл беріледі. Олардың интенсивті өсімі жаңа, көлік кешенінің дамуына жоғары талаптар қояды, олардың жағдайына республиканың ішкіэкономикасыныңдамуыменмемлекетаралық байланыстың даму нəтижелері байланысты. Сала əлі де жетік қолданылмай отырған халықаралық əлеуетке ие. Əлемдік экономика соңғы екі онжылдықта жоғары қарқынмен дамуда. Еуропа мен Азия арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы қазіргі кезеңде 400 млдр $ құрап отыр, 2015 жылға таман 1 трлн $ жетуі ықтимал. Осыған байланысты, Қазақстанның тиімді географиялық орналасуы Еуропа мен Азия арасындағы жүк ағымдарының өтуіне мақсатты түрде тиімді қолдану көлік компаниялары мен Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің табыстарының артуына əсер етеді. 2015 жылы ҚР көлікжəне байланыс Министрлігі жүк транзитінің көлемін 25 млн. тоннаға дейін жеткізуді жоспарлауда, ал транзиттен түсетін жалпы табыс 1,5 млрд. $ құрайды [1 с. 16]. Алайда бұл жағдайда Қазақстанға Шығыс пен Батыс арасындағыжүк транзитін қамтамасыз ететін, дамыған мемлекеттердің көлік интеграциясына қатысушылардың деңгейіне жауап беретін заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыруы тиіс. Өзіміздің табиғи географиялық артықшылықтарын қолдану мүмкіндігі Қазақстанның көлік жүйесін сəйкес халықаралық талаптар мен стандарттарға сəйкестендіруді талап етеді, бұл саланың жандандырылуына келу қажеттілігін меңзейді. Оған қоса, бұл жұмыстарды бəсекелестер артықшылықтарын қолданып кетпеулері үшін қысқа уақыт аралығында жүргізуге тура келеді, ол үшін ауқымды халықаралық тасымалдауларға баламалы қазақстандық көлік жолдары мен халықаралық талаптарға жауап беретін жүк пен жолаушылардың тасымалына қызмет көрсететін талаптардың дейгейін арттыру қажет болады. Осыған орай Қазақстанның қазіргі экономикалық даму кезеңі көлік кешенін дамытудың мүмкіндіктерін, міндеттері мен келешегін жоғары бағалаумен сипатталады. Қазақстандағы көлік кешенінің жағдайы отандық жəне шетелдік мамандардың ерекше назарларында, олар негізгі кемшіліктермен алаңдаулы. Олардыңішіндекөліктеқолданылатын ескірген технологиялар мен көлік қызметтерінің төмен қызмет көрсету деңгейі, халықаралық тасымалдаулардың қанағаттандырылмайтын ұйымдастыру мəселелері бар. Дамыған мемлекеттерде көлік ағымдарын тиімді ету себебінен табыстың үлкен бөлігін қамтамасыз ететін логистика, олардың өзара тиімді əрекеттесуі Қазақстанда дамудың алғашқы кезеңінде. Экономикалық дағдарыс кезі экономиканы құрылымдық қайта құруда маневрлеу мүмкіндіктерін төмендететін республиканың көлік кешенінің сəйкессіздігі мен мəселелерін анық көрсетіп берді. Сəйкесінше, дағдарыстың салдарынан елдің үкіметі мен аймақтардың басшылығы Қазақстандағы заманауи көліктің дамуы мен келешегіне аса назар аудара бастады. Мұны мақсаттар мен міндеттер негіздей түседі жəне де мемлекеттік даму бағдарламаларын жүзеге асыруда оның жалпы жəне жеке өлшемдерін көлік кешенін кемелдендіру бойынша нақты міндеттер қарастырылған. Осы кезеңде саланың қайта құрылуы мен кейінгі дамуына байланысты жүргізіліп отырған жұмысқа сəйкес негізгі құжат «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бағдарлама» болып табылады [1, 18-б.]. Қазіргі таңда республикада жолдардың сапасымен байланысты күрделі мəселелер мен көлік кешенінің толықтылығын қамтамасыз ететін көлік құралдардын алмастырумен байланысты мəселелер бар. 2011 жылы Қазақстанның көлік дəліздері бойынша жүктердің транзиті 15 млн. тоннаны құрады, транзиттен түскен жалпы табыс көлік кешенінің жоғары санатты мамандарымен жəне ғылыми мекемелерімен 970 млн. $ құрады [1, 18-б.]. Мəселелер Қазақстан көлігінің қызмет ету тиімділігін дамыған мемлекеттермен салыстырғанда төмендетеді де жүк жəне жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін төмендетуге əсер етуге ықпалдасады. Өзінің сыртқы жағдайында көлік жүйесі Қазақстанның ауқымды аймағын жəне оның Үкіметінің республиканың экономикалық əлеуетін кейінгі дамыту бойынша зор жоспарларын ескере отырып экономиканың қажеттіліктерін толық қамтамасыздандыра алмайды. Қазақстанның көлік саласының дамуының келер кезеңінің міндеттері қызмет тиімділігінің артуын көлік инфрақұрылымының жаңа объектілердің салынуы, ағымдағы инфрақұрылымдардың жаңартылуын, тауар қозғалысының артуы мен көлік шығындарының азаюын, қауіпсіздіктің ұлғаюы мен сала қызметінің тұрақтылығы жəне де халыққа арналған көлік қызметтерінің қол жетімділігін қарастырады. Қазақстан көлік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытады, оған сəйкес елге жаңа техника мен технология келуде, халықаралық тəжірибенің енгізілуі жүзеге асы рылуда. Инфрақұрылымды дамыту мен кемелдендіруге бағытталған мемлекетпен қарастырылған Бағдарламаларды жүзеге асыру үшін, жаңа көлік объектілерінің құрылысы мен ағымдағы көлік жүйелерінің қайта жөңдеуіне мемлекеттік жəне жеке инвестициялар тартылуда. Жалпы алғанда, елдің көлік жүйесін дамыту бағдарламаларын орындауға 2014 жылға дейін 2,8 трлн. теңге инвестициялау қарастырылған. Республикалық жолдардың 85 %-мен жергілікті аймақ жолдарының 70%-ын қанағаттанарлық деңгейге жеткізуге, теміржолдар бойынша жүк хабарламаларының жылдамдығын 15-20%-ға дейін, оның ішінде халықаралық дəліздер бойынша 20-30%-ға жеткізу жоспарлануда. Қазақстанның көлігі – өз қызметін барлық салалармен өзара əрекетте жəне республиканың экономикалық салаларымен жүзеге асыратын күрделі сала. Көліктің əртүрлі түрлерін басқару бірнеше министрліктер мен ведомствалардың аясындажүзеге асырылады, олтығызбағдарлануды қамтамасыз етіп, даму стратегиясына əдістердің бірлігін қамтамасыз етеді. Қазақстанда соңғы жылдары көлік саласының дамуын талдауға арналған жарияланымдар аз болды. Осыған байланысты ұсынылатын баспа қазіргі жағдайдың қолданбалы талдау зерттеулерінің нəтижелерін жəне де Қазақстанның көлігінің даму келешегі мен оның негізгі түрлерін қамтиды. Жүргізілген зерттеудің мақсатты дамудың, факторлардың, тəуекел мен негізгі мəселелердің қазіргі бағыттарын талдау мен анықтау жəне де олардың шешімін табу бойынша ұсыныстар жасау болып табылады. Қазақстанның көлік кешені көліктің барлық түрімен берілген: теміржол, автомобиль, құбыр жолы (мұнай, газ, сутегі) жəне де су (өзен жəне теңіз) менəуежолы. Соғансəйкес республиканың көлік инфрақұрылымы автомобиль жəне теміржолдардың, өзен, құрлықжолдарыныңжелілерін, көлік инфрақұрылымының көптеген объектілерін: вокзалдар мен бекеттер, əуежайлар, қызметтік кəсіпорындар мен көлік құралдарын жөндеу қызметтерін, көлік қызметкерлеріне қызмет пен жолаушыларға қызмет көрсетуді қамтиды. Қазақстандағы көліктің əр түрі тасымалданатын жүктер мен тасымалдау қызметтерінің сипаттамасына байланысты өзінің тиімді қолдану саласына ие. Көлік кешенінің құрылымында теміржол мейлінше кең тарағаны болып табылады. Қазақстанның бүкіл жол жүйесінің «қаңқасы» іспеттес. Олар еліміздің аймақтарын біртұтас жүйеге біріктіріп, климат пен жыл маусымдарына қарамастан тұрақты түрде жұмыс істейді. Қозғалыс жылдамдықтары да едəуір, сонымен бірге тасымалдау құны да көп емес. Теміржолдар – алыс қашықтықтардың ең қолайлы, əмбебап көлігі. Ол барлық жүк түрлерін тасымалдауға жарамды, ал «болат» артерияларды кез келген бағытта жүргізуге болады. Қазақстандық теміржолдаржүктасымалыныңүлкенкөлемін (70%-дан астамы) жəне жолаушылар тасымалының 10%ын құрайды. Алайда автокөлік əлеуетін біртіндеп арттыруда жəне жалпы жүк айналымының 20 %-ын құрайды. Республиканың ауыл, қашық жəнеқиынқолжетімдіаймақтарындақазіргітаңға дейін көлік-арбаны (аттар, есектер мен түйелер көлік құралы ретінде) қолданады. Мұндай көлік тек қана нақты бір үй шаруашылықтарында үлкен мəнге ие, тасымалдаудың мұндай түрі шаруашылық субъектілерінің экономикасында, ауыл жəне орман шаруашылығымен қамтылған салада, туризмде, құтқару қызметтерінде, қиын қол жетімді, таулы, шөл жəне орманды жерлерде кеңінен қолданылады. Көлік дамуының негізгі экономикалық даму көрсеткіштері ҚР статистика Агенттігімен есеп телінеді: қосылған құн салығы (ҚҚС), негізгі капиталға инвестициялар, жұмыспен қамтылғандар саны, көлік қызметкерлерінің орташа жалақысы. Саланың ауқымы мен тиімділігі тауарлар мен жолаушылардың тасымалдаулары жайлы, қозғалмалы құрамның саны мен жағдайы мəліметтерді сипаттайды