Электрондық басылым (ЭБ) – Электронное издание (ЭИ) –тасылатын мағлұматтары бар, өзгертілмейтін түрде тарату үшін арналған, редакциялық-басылымдық өңдеуден өткен электрондық құжат (электрондық құжаттар тобы).
Электрондық білімдік ресурс – Электронный образовательный ресурс – бұл білімдік сипаттағы ақпараты бар кез келген электрондық ресурс
Электрондық кітапхана – Электронная библиотека–тез іздестіру және нақты басылымға қатынау үшін арналған электрондық тасуыштардағы оқулық әдебиеттер басылымдарының ұйымдастырылған қоймасы.