Портал (білім беретін) – Портал (образовательный) – білім беру мен ағартушылыққызметін, қәсіпқойлар үшін ақпарат пен қарым-қатынас құралдарын ұсынуды, бар бөлімшелер мен ресурстардың арасындағы байланыстарды жақсартуды, мақсатты бағытта Интернет желісі бойынша бағдар бағыттау құралдарын жетілдіруді, авторлық құқықты сақтауды, интеллектуальдық меншікті қорғауды, ең жақсы оқу курсына, білім беру технологиясына, білім беру қызметіне және т.б. конкурстар жариялауды, бос орындарға конкурстар жариялауды, оқу мекемелерінің, еңбек нарығындағы сұраныстан тәуелді мамандықтардың, ақпараттар алмасу мүмкіндігінің рейтингтерін орналастыруды, әр алуан түрлі қызметтерді (ЧАТ, форум, пошталық жөнелту) және б. ұсынуды білдіретін Интернет желісі құралдарымен білім беретін кеңістік порталы.
Пошталық хабарларды жеткізудің жеңілдетілген хаттамасы – SMTP(Simple Mail Transfer Protocol) –упрощенный протокол передачи почтовых сообщений – электрондық поштаны жеткізу мен қабылдауға қолданылатын Интернеттің стандарттық хаттамасы.
Принтер – тікелей қағазға басылатын ақпаратты басып шығаруға арналған құрылғы.
Процедура – ішкі бағдарламаның алуан түрі. Әдеттегідей, стандарттық және жиі қайталанатын қандайда бір әрекеттерді атқару үшін бас бағдарламамен шақырылады. Қызметпен салыстырыңыз.
Процедуралар кітапханасы – Библиотека процедур – объектілік кодта жазылған процедуралар (бағдарламалар) қапшығы. Компиляция нәтижесінде алынған объектілік кодтан бағдарламаның орындалатын кодын дайындау кезеңінде байланыстар редакторы пайдаланады.
Процесс – қандайда бір нәтижеге қол жеткізуге арналған тізбекті әрекеттердің жиынтығы; қалып күйлердің, даму кезеңдерінің тізбекті ауысуы.
Достарыңызбен бөлісу: |