Автоматизированная информационная система) – ақпаратты компьютерлік жинау, өңдеу, топтау, сақтау және формалды қолжетерлік түрде пайдаланушыға ұсыну жүйесі



бет172/252
Дата11.05.2022
өлшемі1,19 Mb.
#142546
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   252
Байланысты:
ПО 042-33 27 01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014

Педагогикалық технологиятүсінігі
Жоспар:

  1. «Педагогикалық технология» түсінігінің даму мәселесі

3. Педагогикалық технология принциптері

  1. Педагогикалық технологияның топтары

Дәріс:
1. Қазақстан Республикасында бiлiм берудi 2005-2010 жылдар аралығында дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасының «Бағдарламаны іскe асырудың негiзгi бағыттары мен тетіктеpi» апы бесiншi тарауда бiлiм беру мазмұнын бiлiм үстемдiгi деңгейiнен нәтижеге бағытталған бiлiктiлiк деңгейiне келтірудiң маңыздылығынa ерекше назар аударылады.
Нәтижеге бағытталған оқыту - бұл атаушы нәтижелер (бiлiктiлiктер). Атаушы немесе соңғы нәтижелер мектептен және жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiнгi өмip ушiн маңызды бiлiм, шеберлiктер және бағдарларды бiлдiредi. Оларды шартты түрде жүйелеп көрсек , келесі біліктіліктер құрастырылады:

  • қарым-қатынасқа түсе алу қабілеттілігі (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу дағдылары );

  • әлеуметтік қарым-қатынасқа бейімділік;

  • талдау жасау қабілеті;

  • проблемаларды шеш білу;

  • құндылықтар туралы пікір білдіріп, шешім қабылдау дағдылары;

  • шығармашылық шеберліктерді игеру дағдалыра;

  • азаматтық жауапкершілік;

  • рухани заттық құндылықтарды жасай алу және сақтай алу қабілеті;

  • Ілімнің құралды ретінде технологияларды қолдана алу қабілеті;

  • өмірі мен карьерасын жоспарлай алу қабілеті.

Ғылым, техника мен технологияның жедел дамуына байланысты 20 ғасырдың білім беру жүйесінің кейбір мәселелері дәстүрлі түрде шешу мүмкін болмай отыр. Өндірісте жаңа ғылыми негізделген технологиялар пайда бола бастады. Осыған байланысты білім беру саласы дамыған өнеркәсіп пен әліеметтік-экономикалық даму жағдайынан ілгері қалды. Қазіргі білім берудің негізгі ерекшелігі нәтижелердің күтпейтіндігі, кездейсоқтығы, толққанды оқушы тұлғасына байланыстылығы, оның жеке басының мүмкіндігі, әр түрлі әдістердің қолдануына байланысты шебер-оқытушының қолында өзінің тиімділігін көрсетіп, техникалық және технологиялық нашар қамтамасыз етілуінде.
Педагогикалық үрдісті технологияландыру проблемасы соғыстан кейнгі жылдары көкейкесті бола бастады және оқытуды өндірістік-технологиялық процеске айналдыруға ықпал ететін құралдарды іздестіруге бағытталды.
Алғаш рет педагогикалық технологияларды жасау педагогикалық процеске оқытудың технологиялық және акпараттық құралдарын пайдаланумен байланыстырады: ол 1950-60 жылдар арасында оқыту технологияларының. Әдетте компьютерді және ақпараттық технологияларды оқу процесінде қолдануоқытуды модернизациялауға қолайлы жағдай тудырады деп саналған.
1960-70-ші жылдар арасында оқу процесін техникалық жабдықтау білім беруді модернизациялау проблемасын шешті деп айтуға болмайды. Технологияландырудың екінші адымы бағдарлап оқытумен байланысты. Бағдарлап оқыту аутоматты көмекші, яғни оқушы қысқа логикалық адымдар арқылы қате жібермей, дұрыс жауабын беріп, және оны нәтижені хабарлаумен бекітеді. Осының ретімен оқушы оқытудың мақсаты болып табылатын біртіндеп жауапқа келеді.
1970-1980-ші жылдары пед технологияның жаңа жақтан қарастыра бастады. Ол педагшогикалық процесті басқару тәсілі ретінде қолданды. Яғни, оқыту технологиясы ретінде. Әйткенмен өндірістік технолгияға қарағанда едәуір қиындықтар тудырды. Сондықтан осыған орай педагогикалық технологияға бірнеше көзқарастар ұсынылады. Оны төмендегі суреттен көруге болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет