Байланысты: ПО 042-33 27 01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014
Диапозитивтер(слайдтар) - бүлар статикалық әкрандық . көрнекілік құралдардың қатарына жатады. Олар оқылатын пәннің өзіндік ерекшелігіне байланысты көп мәселелерді қамтиды. Диапозитивтегі бейнелер плакаттардағы бейнелер-ге қарағанда әлдеқайда жақсы қабылданады, өйткені әкран көлемінің үлкен болуы мен оған түсірілетін жарыққа байланы-сты бейнелердің көріну сапасы өте жоғары болып келеді.
Диапозитивтер қолдануға өте тиімді болып келеді және олардың көмегімен кадрлардың көрсетілу ретін қалаған кез-де өзгертуге де, ал қажет болмаған жағдайда серияларды толық көрсетпеуге де мүмкіндік аламыз. Сөйтіп оқытушы диапозитивтегі серияларды өзінің әдістемесіне сәйкес түрлі оқу жағдайларында кеңінен қолдана алатын болады.
Диапозитивтер көмегімен бейнені, графикалық схеманы, символикалы және тексті ақпараттарды көрсетуге болады; олар қара - ақ, түсті де болуы мүмкін.
Диапозитивтерді арнаулы картонды немесе пластмассалы рамаларға салынатын фотопленкада жасайды, негізгі мөлшері 24X36 мм (рамасы 50X50 мм) соңғы уақытта мектептер мен орта кәсіптік мектептерде көптеп қолданылып жүрген автоматты диапроекторлар көмегімен әрбір кадрды тез арада ауыстырып, уаққытты тиімді пайдалануға болады. Мүндай аппараттардың жарық күшінің көптігін пайдалана отырып, экраннан үлкейтілген бейне ала аламыз, бөлменің 1 қараңғылаудың да қажеті жоқ.
Диапозитивтерді кез келген жылдамдықпен көруге болады. Демек, мұғалімге (өңдірістік оқыту шеберіне) көрсетілген мате-риалды оқушылардың қабілетіне қарап реттеуіне болады.
Диапозитивтер көмегімен кабинетте не шеберханада жиып көрсетуге мүмкін емес қондырғыларды көрсетуге де болады.
Диапозитивтер арқылы үй тапсырмасын тексеру оңай, олардың керектілерін ғана көрсете отырып, сүрақ қоюға мүмкіндік бар. Сонымен диапозитивтерді көрсетуді мүғалімнің басқаруына болады, әрбір кадрды қанша уакыт болса да талқылап, проблемалық ситуациялар туғызуға болады. Орта кәсіптік мектептер мұғалімдері (өндірістік оқыту шеберлері) өндірістік оқыту кезівде нұсқау жүргізу үшін диапозитивтерді кең қолдануына болады, әсіресе диапозитивтер көмегімен нүсқау - технологиялық карталарды көрсету ынғайлы.
Диапозитивтер басқа да оқыту құралдарымен бірге кең пай-даланылады, әсіресе магнитті лентадағы жазулармен.
Диапозитивтерді тәрбиелік жұмыстарда да кеңінен пайдалануға болады. Атақты ғалымдарға, музейлерге, қалаларға, сурет галереяларына арналған сериялы диапозитивтер оқушылардың дүниетанымдылығын кеңейтіп, әстетикалық талғамдарын арттырады.