Мәліметтердің иерархиялық құрылымы – Иерархическая структура данных – әрбір элемент деңгейі ең жоғары элементтен («түбір» немесе «төбе») осы элементке апаратын жолмен анықталатын мәліметтердің құрылымы. Мәліметтердің иерархиялық құрылымы мәліметтерді сызықтың немесе кестелік тізбекпен ұсыну қиын болған жағдайларда өте қодайлы болады. Мысалы, иерархиялық құрылым дискілерде қапшықтарды (каталогтарды) ұсыну үшін пайдаланылады.
Мәліметтердің қауіпсіздігі – Безопасность данных– кездейсоқ немесе әдейі өзгертуден, жоюдан, жариялаудан, сондай-ақ рұқсатсыз пайдаланудан мәліметтерді қорғау тұжырымдамасы.
Мәліметтің мәліметі бойынша іздестіру жүйесі (Поисковая система по метаданным (Meta Search Engine)) –іздестіру жүйелерінің саны үлкен сайттарын зерттейтін және алынған нәтижелерді сендер үшін қиыстыратын жүйесі бар веб-сайт.