Мәліметтерді жеткізу ортасы – Среда передачи данных (Transmission media) – мәліметтерді жеткізу үшін пайдаланылатын кәбілдік немесе сымсыз желінің екінші атауы.
Мәліметтерді жеткізуді басқару хаттамасы – TCP (Transmission Control Protocol) – Протокол управления передачей данных – көмегімен клиент пен сервердің арасын қосуды орнататын құрал. Мәліметтер бұмаға бөлінеді де, оларды жинау тәсілі туралы ақпаратпен бірге алушыға жөнелтіледі.
Мәліметтерді жеткізуді/желіаралық хаттаманы басқаратын хаттама – TCP/IP(Transmission Control Protocol/Internet Protocol) –протокол управления передачей/межсетевой протокол – бұл Интернет желісіне негізделген стандарттық хаттама. Жергілікті немесе ауқымды желілердеақпарат бумасын бағыттау үшінUNIX жүйелері үнсіз келісім бойынша қолданады.