Нақты параметрлер – Фактические параметры – ішкі бағдарламаны шақыру кезінде формальды параметрлердің орнына қойылатын айнымалылар, тұрақтылар, жиымдар және мәліметтердің басқа объектілері.
Нормативтік құжат – Нормативный документ –алуан түрлі іс-әрекеттің немесе олардың нәтижелерінің ережелерін, басқару қағидаларын немесе сипаттамаларын тағайындайтын құжат. Ескерту: "Нормативтік құжат" термині стандарттар, тезникалық шарттар, ережелер жинағы мен регламенттер сияқты құжаттар үшін ортақ термин болып саналады. Құжат деп ішіне немесе оның бетіне ақпарат жазылған кез келген тасуышты түсінуге болады.