Модем (Modem) – телефон желісі арқылы компьютерді Интернетке қоса алатын желілік жабдық.
Модем (модулятор/демодулятор) – Modem – компьютерді аналогтық телекоммуникациялық желілермен жалғастыратын және цифрлық мәліметтерді аналогтық формаға және керісінше түрлендіретін жабдық.
Модуль– оқу курсының аяқталған құрамы.
Модульдік диаграмма – Модульная диаграмма – құрылымы күрделі бағдарламаны графиқалық ұсыну тәсілі.
Монитор – ақпаратты экранда бейнелеу құрылғысы. Барлық компьютерлердің құрамында іс жүзінде монитор немесе оның аналогы бар (мысалы, проекциялық қондырғы).
Мультимедиа – (англ. multimedia от лат. multum – много и media, medium – средоточие, средства – ағыл. латыннан multum – көп және media, medium – орта, құралдар) – бұл пайдаланушыға сұқбаттық режімде біртұтас ақпараттық орта түрінде ұйымдастырылған әр текті мәліметтермен (графикамен, мәтінмен, дыбыспен, бейнемен) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені.
Мультимедиа - бұл: типі әр түрлі ақпаратты өңдеу құралдарын дайындау, жұмыс істеу және қолдану ретін сипаттайтын технология; типі әр түрлі ақпаратты өңдеу мен ұсыну технологиялары негізінде әзірленген ақпараттық ресурс; ақпаратты өңдеу мен ұсынуға байланысты жұмыс істеу типі әр түрлі компьютерлік бағдарламалық жасақтама; көмегімен типі әр түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкін болатын компьютерлік аппараттық жасақтама; типі әр түрлі дәстүрлі статикалық көрінерлік ақпаратты да (мәтін, график), динамикалық ақпаратты да (сөз, әуен, бейне үзінділер, анимация және т.б.) өзіне қамтитын ақпараттың ерекше қорытынды түрі. Сонымен, кең мағынада «мультимедиа» термині (бір мезгілде оқырман да, тыңдаушы да, көрермен де бола алатын) пайдаланушыға аса тиімді ықпал ету мақсатымен әр түрлі бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланатын ақпараттық технологиялар спектрін білдіреді.
Мультимедиа– шынайы әлемнің адамның сезім мүшелеріне ықпалын имитациялау мақсатымен бір құжатта дыбыстық, әуендік және бейне ақпаратты біріктіруді сипаттайтын ұғым.
Мультимедиа (multi – көп, media - орта) – зерттелетін құбылысты бейнелеу тәсілдерінің бай жинағы. Мультимедиа өнімдері ақпараттың сан алуан түрін: компьютерлік мәліметтерді, теле- және бейне ақпаратты, сөз бен әуенді қолданады. Мұндай біріктіру ақпаратты тіркеу мен жаңғыртуда компьютермен басқарылатын теледидардың, бейнемагнитофонның, HiFi-аудиожүйенің, жинақы дискілер (СD) ойнатқышының алуан түрлі техникалық құралдарын пайдалануға қол жеткізеді.