Бір мақсат пен міндетке жетуосы оқытудың негізін құрайды
Жеке жауапкершілік, бір біріне көмек көрсету арқылы ұжымның табысы әр оқушының үлесіне байланысты .
Бірдей мүмкіндік туғызу, әр оқушы өзінің біліктілігін жетілдіріп отыру керек. әр оқушы өз мүмкіндігіне, қабілетіне байланысты оқиды, сондықтан бірдей бағалануы мүмкін.
Ұжымда жұмыс істеу баланы адаммен араласуға үйретеді.
Педагогикалық қарым қатынас, психология және оның мәдениеті — сауатты педагогиканың құрамы. Психолог А.А.Леонтьев айтқандай, педагогикалық қарым қатынас іс әрекеттен, контактыдан тұратын көпсатылы құрылым.
Ол жақсы оқушыға қарғанда нашар оқушы ға жауап беруіне аз уақыт беред, яғни оның ойлауына мүмкіндік бермейді.
Егер жауап дұрыс болмаса, ол сұрақты қайталап жатпайды, көмектеспейді, сол кезде басқасынан сұрайды немесе дұрыс жауабын өзі айтады.
Ол ымырашылдыққа салынады, теріс берген жауапты оң бағалайды.
Обучение в сотрудничестве предусматривает все уровни общения, опирается на них.
Мұғалім оқу процесіне маңызды жаңа танымдық, зерттеушілік, шығармашылық роль атқарады.
Ол оқушыға көмектесуі тиіс:
- керек білімді өз бетімен алуға,
- алған ақпаратты сын тұрғысынан түсіну,
- қорытынды жасай білу, оны дәлелдеу, проблемаларды шешу.
Өз бетінше жеке жұмыс орындау –топтағы бірге жұмыс істеу – ынтымақтастық оқытудың таным процесімен өзара байланысы.
Ынтымақтастықта оқытуды бөлмені таңдаудан бастайды. Сыныпта парталарды үш қатарға қойып бір бірінің желкесін көріп отыру және алдында тек мұғалімге қана қарап отыру басқа жаққа назар аудармауға толық ықпал етеді. Ынтымақтастықта оқытуды ұйымдастыруда оқушылар бір-бірінің жүзін көріп отырулары керек. Осылай қарым қатынас та қалыптасады.
Ол үшін сыныпты таңдап алып, ұйымдастыру қажет. Алдымен бірінші сабақтың оқу-тәрбие процесінің міндетін анықтайды. Тақтаға жазылады.
Сабақтың оқу-танымдық міндеті:
1 түсіну және меңгеру (жаңа ұғымдар, ережелер, жаңа ақпарат)
2 .... қолдану дағдылары мен іскерлігін қалыптастыру
3 интеллектуалдық талдау, қарым-қатынас жасау, алған нәтижесін жүйелеу дағдыларын қалыптастыру.
Мақсатымен қатар қажетті білім, іскерлік, дағдыларын анықтау.
Одан кейін іс-әрекет түрімен оқыту құралдары,оқу жабдығы, бөлінген уақыты (олар тақтаға жазылмайды)
Топ мүшесінің белгілі атқаратын қызметі болса ол да тақтаға жазылады.
Кезекті сабаққа дайындық барысында бір-екі тапсырманы бөліп көрсету керек. Ол тапсрымаға қойылған мақсатқа байланысты немесе жаңа материалға, оны меңгеруін тексеруге, бекітуге бағдарлануы тиіс. Бірақ, тапсырма топқа біреу болуы мүмкін. Сондықтант тапсырманың саны жекеге қарағанда топқа аз беріледі.
Сыныпты 2-3 оқушыдан топтастырады. Әр топта нашар, орташа, мықты ұл қыздардан тұратын оқушылар болуы керек.
Тапсрыманы орындауда әрқайсының қызметін анықтауға оқушыларға мүмкіндік беру керек. Бұл жұмысты академиялық тапсырманы орындау барысында қоса атқарады.
Жаңа материал бойынша жауап беру тапсырмада қарастырылса әр оқушыға 2-3 сұрақтан бөліп беру керек. Ең қиынын мықты оқушыға береді. Қалған біреуі жауапты дәлелдейді, ал үшіншісі жауапты тіркеп мәтіннен тауып алады. Кейін оқушылар рольдерімен ауысады. Бұл тапсырмалар күрделі интеллектуалдық және коммуникативті дағдаларды қажет етеді.
Алдын ала баяндамашылар анықталады. Басқа топтың оқушылары сұрақ қоюға дайын болуы керек. Бұл өз қызметіне жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді. Әр толықтырулар мұғаліммен мадақталады және командаға қосымша баллдар әкеледі.
Барлық топқа бір баға қойылады.
Бақылаушы қызметін атқарған оқушыдан әрқайсының қатысу белсенділігі, мәдениеті туралы сұрауды ұмытпау керек.
Жаңа оқыту формасын енгізу барысында мұғалім мен оқушалырдың үйренісуң үшін тұрақты топтар жасақталмағаны дұрыс. Олар тапсырманы орындау барысында ауыспауы керек. Бұл топтарды базалық деп атайды.
Топтағы жұмытарды сынып сабақтық формаға кіріктіруге болады. Алдымен жеке тапсырма орындатып,кейін –бірге орындап бағаланады. Бір бірінің дәптерлерін тексеріп, мұғалімге береді. Олар міндетті түрде тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалаулары керек. Осы жағдайда жоғары балл алулары мүмкін.
Егер топ тапсырманы орындай алмаса, онда ол өте қиын немесе тұрақты дағдалыры қалыптаспаған. Қай жағдайда да ол мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.
Сабақтың бас кезінде танымдық және әлеуметтік мақсаты хабарланады. Жұмыс барысында оқушылардың белсенділігі бақыланып оларға көмек көрсетіледі.
Бірге ұжымда оқытудың бірнеше түрі бар:
мақсат пен міндетке байланысты.
қойылған міндетті шешу үшін әр оқушының үлесі жалпы ақпараттың бір бөлігі болып табылатын оқушылар білетін ақпарат көдеріне байланысты.
барлық топқа берілген марапатқа байланысты – барлығы бірдей марапатталады немесе марапатталмайды.
Біріккен іс-әрекетті әр түрлі әдістермен ынталандыру жағын қарастыру.
Марапаттау ● балмен бағалау,
● мұғалімнің мақтауы,
● топты марапаттау:
- бос уақыт беру арқылы;
- нақты атрибутикамен;
- оқуға қосымша уақыт бөліп;
- арнайы кітаптарға жетістіктерін жазу арқылы.
Ынтымақтастық топтардағы жұмыстан кейін академиялық жетістіктерді талдап қоймай, міндетті түрде әр оқушының қосқан үлесін, кімнің , қалай көмектескенін, қиындықтан қалай шыққанын және осы жұмысты қалай жалғастыру керектігін талдау керек.
Педагогикалық тәжірибе – шығармашылық процесс. А.А.Леонтьевайтқандай «педагогикалық технологияны жаттап алып педагог болу мүмкін емес».Кез келген кәсіп белгілі бір шығармашылықты, шеберлікті қажет етеді. Кез келген технология, оның ішінде педагогикалық – әлі табыс кепілі емес. Алғы технологиялар мен педагог тұлғасының үйлесімділігі керек.
Сондықтан, педагогикалық технологиялар туралы айтқанда, негізгі принциптердің қағидаларына сүйеніп шығармашыл түрде қолданылады. Оқытудың негізгі мақсаты: оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құруды және оның жүзеге асуларын, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортақ әлеуметтенуін, оқушыларды орта және кәсіптік оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету болады.
Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында: жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат — міндеттерді жүзеге асырып, қорытындыны талдай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелер арқылы «өзіндік даму» жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері қалыптасады. Яғни ынтымақтастықта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады. Выготский: «Педагогика бала дамуы-ның ертеңгі емес, кешегі күніне сүйену керек», - деген.
Оқушы бойында өзіндік танымды қалыптастыруда тек жеке курстар ғана емес, сонымен қатар оқыту үрдесінде де жүзеге асырған өте тиімді. Себебі бала әр сабақта, әр тақырыпта өзін-өзі жетілдіріп отырады. Бұны жүзеге асыруда дамыта оқыту технологиясының маңызы өте зор. Ынтымақтастықта оқыту оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке тартуды құптайды, сабақта дидактикалық ойындар, пікір-таластар, ойлау, қиялдау, есте сақтау, тіл байлығын, логикалық ойлауьш, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Яғни күнделікті сабақта оқушылардың жоғарғы білімдік пен адамгершілік құндылықтарын арттырсақ, жеке тұлға білімдегі шындықты іздеу, салыстыру, дәлелдеу, зерделеу, өз іс-әрекеттерін сараптап, өзіне-өзі баға беруге дағдыланады.