Ынтымақтастықта оқыту – танымдық белсенді іс-әрекетке әр оқушыны тартуды көздейтін оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілін іздестіру. Ынтымақтастықта оқыту идеясы түп тамырымен гуманды іс, яғни ол педагогикалық болып табылады деген сөз. Бұл идеяны түсіну үшін осы әдістің авторлары «қате» деген сөзге назар аудару керек. Қатені алдымен бұрыс іс-әрекет, зерсіздік, ұқыпсыздық деп түсінеді. Авторлар осы түсінікке қажетті білім мен іскерлікті меңгергеннен соң қосымша тәжірибе мен үлкен жаттығу қажет деген түсінікті қосуды ұсынады. Яғниоқушылар белгілі бір тапсырманы қатесіз орындау үшін жаттығу, іс-тәжірибеден өтуі қажет деп ұсынады.
Бір жағынан егер оқушы қате жібермесе, онда ол оны орындап үйренгені, қосымша тәжірибе оған керек емес.
Бұл көмекті сыныптың әр оқушысына көрсету мүмкін емес. Бұл жауапкершілікті оқушылар өздеріне алады, егер олар топта жұмыс істесежәне әр қайсысының табысына жауап берсе, бір біріне көмек етсе. Педагогикалық тілде міндеттерге адекватты әдістерді қолдану қажет.
Үздік оқушысы бар ұжымда оқытуға болады: ол тез қағып алады, меңгереді, мұғалім соған сүйенеді. Ал нашар оқушы одан да төмендеп қалады, өйткені оған уақыт жетпейді, түсінбеген сұрағын сұрап алуғы мінзі де жібермейді, соған сәйкес ол тез жауап бере алмайды да барлығының табысына кедергі жасайды.
Оқу материалдары мен әдістерін қолданып жеке де оқуға болады. Бұл жағдайда оқушы өзімен өзі тығылып қалады.
Сондай ақ басқаша да оқуға болады, жаныңдағы достарыңмен бірге өзінің және достарының табысына деген жауапкершілікті сезініп. Осы фактыларды түсіну арқылы ынтымақтастықта оқыту әдістерінің тиімділігіне көз жеткізуге болады. Оқытуда барлығыда қаталесуі мүмкін. Бірақ біреуге аз уақыт қажет, екіншілеріне көп уақыт керек. Бұның жолын табу әдістеменің ісі. Тәжірибе көрсеткендей бірге оқу тек қазақ қана емес, ол өте тиімді де. Бұл тек интеллектуалдық даму жағынан ғана емес, адамгершілік жағынан да маңызды.
Ынтымақтастықта оқыту әлемдік тәжірибеде дәстүрлі әдіске тиімді альтернатив болып табылады. Ол сонымен қатар тұлғалық-бағдарланған көзқарасқа да жатады.
Ынтымақтастықта оқытудың мақсаты білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру ғана емес, әлеуметтердіру тиімділігін де ескеру керек. Оқушылар бірге жұмыс істейді, оқиды, шығармашылықпен айналысады, бір біріне көмекке келеді. Педагогтардың айтуынша ынтымақтастықта оқыту барысында оқушылар жолдас болып қана қоймай, адамгершілік қарым қатынастары нығаяды, бір бірімен тіл табысуға ықпал етеді. Бұл адамгершілік тәрбиесінің табысы болып табылады.
Ынтымақтастықта оқытудың басты идеясы бірге орындау емес, бірге оқу болып табылады.
2. Ынтымақтастықта оқыту әдістері.
1. Командада оқыту.
Ынтымақтастықта оқыту әдісінің бұл түрі Джон Хопкинс университетіндежасалған. Негізін біз қазіргі кезде де қолданамыз.
Командамен оқытуда әр оқушының міндеті жұмысты бірге орындау емес, оны бірге түсінуде, команданың әр оқушысы білімдерді мегеріп, іскерліктерін қалыптастыру және барлық команда мүшесі өзінің үлесінің нәтижесін көруі керек.
Командада оқыту келесі үш принципті ұстанады:
а) «сыйлық» - команда/топ барлығы бір баллмен бағаланып, сертификат, марапат қағазымен, омырау белгісімен аталады. Ол үшін барлығы бір тапсырма орындайды. Топтар бір бірімен жарыспайды, өйткені бәрі әр түрлі мерзімде және әр түрлі күрделілікте тапсырма орындайды;
б) әр оқушының жеке (персоналды) жауапкершілігі дегеніміз, табысы мен сәтсіздікке әр оқушы жауап береді. Ол команданың әр мүшесін бір бірінің ісін қадағалауға және көмек көрсетуге ынталандырады;
в) әр оқушының деңгейлері әр түрлі болғандықтан алған төмен нәтижесін қайта дайындық арқылы жоғарлату мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда салыстыру бір бірімен жасалмайды, ол өзінің жетістіктерін көтеру арқылы орындалады. Үздік, орташа нашар оқушылардың арасында бірдей балл алуға мүмкіндік береді. Осылай команданың толық мүшелігі болып сезінуге ынталандырады.
2. Ынтымақтастықта оқытудың келесі түрі 1978 жылы профессор Эллиот Аронсонмен ұсынылған - ара, машинаның арасы. Педагогикалық тәжірибеде ол ара деп аталады. Оқушылар топта алты адамнан блоктарға бөлініп жұмыс орындайды. Топтың әр топтың мүшесі дайындалып келген бірдей сұрақтар бойынша өзінің материалын баяндайды. Эксперттер тобы оны бағалайды. Сонан кейін олар топтарына келіп басқа оқушыларды естіп білгендерімен таныстырады. Яғни, бір араның тістеріндей тапсырманың өз бөлігін баяндайды. Оның мақсаты – серіктестерін тыңдап дәптерге жазып алу, мұғалім жағынан еш көмек қажет емес. Қорыьтынды кезеңінде мұғалім оқушылардың біреуіне тақырып бойынша кез келген сұраққа жауап беруді ұсынады.
3. «Бірге оқимыз» атты оқыту әдісі1987 ж. Миннесота штатындажасалған (Дэвид Джонсон, Роджер Джонсон). Сынып әртүрлі етіп бөлінеді (дайындық деңгейі бойынша) топта 3-5 адамнан. Әр топбір тапсырма алады. Жеке топтардың біріккен жұмысының нәтижесінде сынып барлық материалды меңгереді. Әр оқушының жетістігінае байланысты топтың еңбегі бағаланады.
Топ ішінде оқушылар бір бірінің белсенділігін байқап, үлестерін, орындау сапасын, мәдениетін бағалайды. Яғни екі жақты міндет атқарады: академиялық — шығармашылық мақсатқа жету, екінші жағынан әлеуметтік – мәдени қарым-қатынас жасай білуі. Барлығы мұғалімнің бақылауымен өтеді.
4. Топтағы оқушылардың зерттеу жұмысы ынтымақтастықта оқыту әдісіне жатады (Тель-Авив Университеті, 1976). Бұнда ең бастысы оқушылардың өз бетімен жұмыс орындауы. Оқушылар 6 адаммен топта немесе жеке жұмыс істейді. Жалпы тақырыптың кіші бір бөлігін алып әр қайсысына жеке тапсырмалар беріледі. Әрқайсысы осы міндетті орындауға үлесін қосады. әр оқушы орындаған тапсырманың негізінде бір баяндама, презентация жасалады. Дұрыс нәтижесі ұжымның топтың жұмысына әсер етеді. Аталған ынтымақтастықта оқыту әдістерінің әрқайсысы тұлғалық-бағдарланған көзқарасты жүзеге асыруға ықпал етеді.
Бұл әдістің мәні – оқушының өзінің білім алуға құштарлығы ояну керек.