Байланысты: ПО 042-33 27 01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014
Дидактикалық ойындар – имитациялық модельдеу бойынша оқытылатын жүйелер, құбылыстар, процестерде белсенді оқу әрекеті. Дидактикалық ойын – бұл ұжымды мақсатты бағытталған оқу әрекеті, мұндағы қатысушы мен команда негізгі мәселені шешумен бірігіп, өздерінің тәртіптерін ұтысқа бағдарлайды.
Ойынның құрылымдық элементтері мыналар болып саналады:
оқу әрекетінде өңделетін объект;
ойын процесі барысында оқушылар әрекетінің бірлігі;
ойын тәртібі;
өзгермелі жағдайда шешім қабылдау;
қабылданған шешімнің тиімділігі.
Дидактикалық ойын технологиясы – бұл проблемалық оқытудың нақты технологиясы. Дидактикалық ойындар оқу процесін жандандырады.
Ойындарды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде пайдалану проблемасын көптеген педагогтар мен психологтар қарастырған. Оқушының жеке түлғасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Р.Оуэн, Ф.Фребель, К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомолинский ерекше атап өткен. Ойын теориясы мен практикасын жасауға көрнекті психологтар Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, П.П.Блонский және т.б. үлес қосты. Ойын теориясы мәселесіне неміс ағартушылары Ф.Шиллер, К.Гросс, В.Вундт және ағылшын әлеументтанушысы Г.Спенсер ерекше ден қойды.
Оқытудың құралы ретінде дидактикалық ойындарды пайдалану әдіскер ғалымдардың еңбектерінде де көп айтылды (М.И.Микитинская, Т.К.Жикалкина, т.б.).
Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие процесінде пайдалану қажеттілігі мен олардың педагогикалық мүмкіндіктері мәселесі қазақстандық ѓальмдардың зерттеу еңбектерінде ашып көрсетілді (Е.Сағындықов, А.Айтпаева, т.б.).
Аталған ғылыми зерттеулер педагогика ғылымының қ±нды дүниелері болып есептеледі. Алайда, бұл еңбектерде бастауыш сынып окушыларының жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін ойын технологиялары арқылы қалыптастыру мәселесі зерттеу арқауы болмаған.
Алдымен, «ойын теяюлогиялары» және «жалпы оқу интеллектуальдық біліктері» ұғымдарының мәнін ашып көрсетуді жөн көрдік.
«Технология» - латынның «техне»-өнер, шеберлік, қолөнер және «логос»-ғылым деген сөзінен шыққан. 60-70-жылдардан бастап педагогика ғылымында педагогикалық технология деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. Оның мағынасын ғалымдар түрліше анықтайды:
- практикада іске асырылатын белгігі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.А.Беспалыо);
педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиьнтығы және жүмыс істеу реті (М.В.Кларин);
оқыту формаларының, әдістерінің, тәсілдерінің, амалдарының, тәрбие қүралдарының әлеуметтік жиыны мен бірлігін анықтайтын психологиялыќ педагогикалық нұскаулардың жиынтығы (Б.ТЛихачев);
балаға педагогтың шынайы өзара әрекетін қамтамасыз етеін қолданбалы ғылыми педагогикалық пән (Н.Е.Щуркова);
қойылған мақсатка сәйкес білімді, білікті, дағдыны және қатынасты қ±растыру, калыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны (А.К.Колеченко);
педагогикалық технология - оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін камтамасыз ететін жанды к±рамдас бөлігі (Ш.Т.Таубаева, Б.Т.Барсай), т.б.
Ойын мәнділігі нәтижесінде емес, процестің өзінде болып табылатын іс-әрекеттің бір түрі, өмірдің керемет ќұбылыстарының бірі, баланың барлыќ маңызды ақыл-ой қалыптастыруға бағытталған әсерімен дамитыны мойындалған. Бүл ойын арқылы баланың барлық қабілеттерінің дамуына, күрбыларымен дұрыс қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалатынын дәлелдейді. Ойын технологиясын оқыту процесінде пайдалану баланың қалыпты дамуына єсер етіп, шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттырады.
Сөйтіп, ойын технологиялары дегеніміз баланың қалыпты дамуына эсер етіп, оның шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттыратын педагогикалық процесті үйымдастыру формаларының бірі болып табылады.
Жалпы оқу интеллектуальдық біліктері ақыл-ой әрекеті ретінде оқу іс-әрекетінің негізгі өзегін қ±райды, оны іштей ұйымдастырады, тереңдетеді, белсендіреді.
Оқу іс-әрекеті түрғысынан алып қарағанда, жалпы оқу интеллектуальдық біліктерінің маңызды, мәнді блоктарына мыналар жатады (Н.Я. Чутко):
1-ші блок - бақылау, тыңдау, оқу - іс-әрекетінің ақпараттық-бағдарлық қызметін қамтамасыз ететін және оқушыларға әртүрлі ақпарат көздерінен алынған білімді оқу міндеттеріне сәйкес қабылдауға көмектесетін біліктер;
2-ші блок - жіктеме, жинақтау -оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру-орындау қызметімен байланысты және оқып-үйренілетін материалдың логикалық қайта өнделуін қамтамасыз ететін біліктер;
3-ші блок - өзін-өзі баќылау - оку іс-әрекетінің бақылау-түзету қызметін атқаратын және жүргізілетін оқу-таным әрекеттерінің барысы мен нәтижесін бақылауды қамтамасыз ететін біліктер.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген бастауыш сынып оқушылары жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін жеткіліксіз меңгереді; бүл біліктердің қалыптаспағандығы олардыњ кейбіреулерінде орта және тіпті жоғары буынға өту барысында байқалып, оқу іс-әрекетінің өнімсіздігіне әкеліп соғады. Бүл интеллектуальдық біліктердің тек баланың жеке тәжірибесінде, белсенді іс-әрекетінде қалыптасатындығымен байланысты және бұл іс-әрекет пен тәжірибені игеру оқытатын ересектердің тікелей қатынасуымен тйымдастырылғанда ғана дамудың жоғары деңгейіне жетеді.
Жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруда ойын технологияларын пайдаланудың екі педагогикалық тиімділігі бар: біріншіден, ойын барысында балалардың орындайтын ақыл-ой єрекеттерінің сипаты мен ойын формасында қалыптасатын біліктер жиынтығы маңызды болып табылады; екіншіден, дидіктикалық ойындардың ережесі бар ойынның түрі ретінде құрылуының өзі ерекше мәнге ие болады. Ойында дайындық, үйымдастыру кезеңдерінің міндетті түрде болуы баланы табиғи және занды түрде іс-әрекетке баулиды. Мүндай іс-әрекет оқу іс-әрекетінің бір көрінісі сияқты, өйткені кез келген дидактикалық ойында міндетті түрде ойын міндеті, ойын әрекеті және ойын тәртібінің ережесі болатыны анық. Сондықтан ойын тешологиялары өз бетімен білім алу және саналы ойлау, сонымен бірге түтас алғанда оқу іс-әрекетін қалыптастыруға ықпал етеді.
2. Ойын бағдарламасының негізін мынадай тапсырмалар түрлері құрайды:
Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша түскен ақпаратгы топтастыру, жіктеу; қойылған танымдық міндеттерге сєйкес бµліп өрсетілген танымдық жағынан мәнді мәліметтердің жіктемесінің д±рыстығын тексеру.
Хабарламаны тыњдау; түскен ақпаратты жіктеу, яғни берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша әдебиеттердегі мєліметтерді бөлу; танымдық жағынан мәнді мәліметтердің жіктемесінің д±рыстығын тексеру;
Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; олардағы танымдыќ жағынан мәнді мәліметтерді жинақтау; меңгерілген білімнің жинақталуының д±рыстығын тексеру;
4. Хабарламаны тындау; олардағы танымдық жағынан мәнді мәлшеттерді жинақтау - оларды неғұрлым жинақталған түрде беру; жинақтаудың дұрыстығын тексеру;
5. Мәтінді оқу және ондағы басты, оқу-танымдық жағынан мәнді мәліметтерді жинақтау; жасалынған жинақтаудың дұрыстығын тексеру (Н.Я.Чутко).
Біз осы дидактикалық тапсырмалардың түрлеріне байланысты зерттеу барысында ойындарды мынадай түрлерге бөліп, оларды оқу-тәрбие процесінде пайдаландық:
Оқушылардың топтастыру біліктерін дамытуға бағытталған ойындар;
Оқушылардың талдау біліктерін дамытуға бағытталған ойындар;
Окушылардың жіктеу және өзіндік бақылау біліктерін дамытуға бағытталған ойындар;
Оқушыларда көру арқылы берілген ақпаратты талдау және жекеден жалпыны табу негізінде оны жинақтау туыстық-түр қатынастарын орнату біліктерінің кешенін қалыптастыруѓа баѓытталѓан ойындар;
Оқушыларда заттардың, құбылыстардың белгілерін жинақтау біліктерін қалыптастыруға бағытталған ойындар;
Окушыларда оқылған материалды жинақтау оны жинақтаудың дұрыстығын тексеру біліктерінің кешенін қалыптастыруға бағытталған ойындар.
Сонымен мектептің оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын тиімді пайдалану оқу іс-әрекетінің ақпараттық-бағдарлы, үйымдастыру-орындау және бақылау-түзету функцияларын іске асыруға, оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.
Дамыта оқыту технологиясында ойын әдісі маңызды орыналады. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мұмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруға зор маңызы бар. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқагыштығын. зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Ойын тұрлері әте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы; ойындарға қойылатын бірінші талап - оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
а) балаларға езінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
6} білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету:
в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету;
г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор.
Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, қурастырып ойнайтын ойыншықтардың ориы ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың турлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалык, ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз - Егер арасында ойын араласып келіп отырса. оқушылар сабак мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.
С.А.Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
- еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже ушін емес, баланың қанағаттануына байланысты.
- әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы - ойынның мазмунын сипаттайтын қағидалар 3.
Жоғарыда аталған белгілерге байланысты ойынның бастауыш сынып оқушыларының білімін берік меңгеруіне тигізетін әсерін анықтау үшін біздер мына сұрақтарға жауап іздедік. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті уйымдастыруда ойынның қурылымы қандай болмақ? Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ойынды қалай пайдалану керек? Ойынды бастауыш сынып оқушыларының жас жөне психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қалай қолдану қажет? Сол сияқты тағы басқа сурақтарға жауап іздеу барысында біздер әртұрлі бастапқыларға талдау жасауды мақсат көздедік.
Ұлы Абайдың "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?" деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын керуге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткек Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев. Ш.Құдайбердіулы, С.Торайғыров т. б.
Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци 8 ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірмек Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский 9, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий өз пікірлерін білдірген.
Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану - болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген
Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының назарын аударатын ойын түрлерінің бірі - спорттық ойындар. Бұл ойын түрі берілген тапсырманы орындаумен қатар баланың денсаулығын нығайтып, т.б. көптеген қасиеттерін дамытады.
Оқушылардың негізгі әрекеті - оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, булардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу - білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас - бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын - пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек - қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңестік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бундай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.
Я.А.Коменский "Ұлы дидактика" деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңцерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-бір құралы ретінде "ойынды" айтуға болады.
Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сұйгіш келеді. Сондықтан муғалім сабақ барысында ойын тұрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле тұседі.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңцап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Әйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.
Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық "деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа" деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, өр тақырыл бойына ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Мысалы,КВН типті сабақтар
Кейінгі кезде КВН түріндегі сабақтарды өткізу барлығына танымал болды. Оны қолдану саласы – оған тақырып пен тарауларды қайталау тән.
Жарыс бес сайыс – этаптарынан тұрады.