Әдебиеттер:
Негізгі:
Сарбасова Қ.А., Мүхаметжанова А.О. Инновациялык педагогикалық технологиялар арқылы бастауыш сынып мүғалімдерінің даярлығын жетілдіру // «Бастауыш сынып мүғалімдерін кәсіби даярлаудың проблемалары және келешегі»
2.Новые методы и средства обучения: Сб научных трудов. М., 1993.
Қосымша:
1. Дидактика средней школы/Под.ред. М.Н. Скаткина. М., 1982.
2. Кириллова Г.Д. Методы обучения в современной школе. М., 1985.
№8 дәріс тақырыбы:Оқытуда компьютерлік технология
Жоспар:
1.Оку процесіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
2 Бағдарламалық құралдардың білім берудегі дидактикалық мүмкіндіктері
3. Компьютерлік технология түсінігі, мақсаты
4. Компьютер функциялары
5. Оқытушылар мен оқушыларға қойылатын талаптар
1. Практикада оқытудың ақпараттық технологиялары арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (ЭЕМ, аудио, видео кинофильмдер) қолданатын барлық технологияларды айтады.
Өркениетті қоғамның дамуы информатизация (ацпараттандыру) процесімен тығыз байланысты болып келеді. Бұл процестің басты ерекшелігі - қоғамдық өндіріс саласында-гы үстемдік етуші қызметтің саласына информациялық жэне коммуникациялық технология күралдарының негізінде жүзеге асырылатын хабарларды жинау, өндеу, олардың қорын жасау, сақтау жэне оларды тарату жатады. Қазіргі қоғамды хабарлар легімен жан-жақты қамтамасыз етудің ең басты бағыттарының бірі - білім беру саласын эдістемелермен жэне информациялық, коммуникатавтік технологияны жасау мен оны тиімді пайдалана білудің тәжірибесімен қамтамасыз ету процесі болып саналады. Оның басты мақсаты:
- білім беру жүйесін басқару механизмдерін мәліметтердің автоматтандырылған банкілерді қолданудың негізінде жетілдіру;
- қоғамның информатизацияландырылуының қазіргі жағдайында білім берудің жеке адамды жан-жақты қалыптастыру мақсаттарына сай келетін әдістемелері мен тәсілдерді жэне үйымдастырушылық формаларды және т.б. жетілдіріп отыру;
- оқушылардың интеллектуалдық дамуларына, өз беттерімен білім ала білу қабілеттерін қалыптастыруға жэне олардың оқу-информациялық, тэжірибелік-ғылыми қызметтерін жүзеге асыра білулеріне бағытталған білім берудің эдістемелік жүйесін жасау;
- оқушьшардың білім дэрежесін аз уақыттың ішінде жүйелі түрде бақылап, бағалауға мүмкіндік беретін компьютерлік жүйе бойынша естілетін жэне болжайтын әдістемелер жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |