Автоматизированная информационная система) – ақпаратты компьютерлік жинау, өңдеу, топтау, сақтау және формалды қолжетерлік түрде пайдаланушыға ұсыну жүйесі


Оку процесіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар



бет204/252
Дата11.05.2022
өлшемі1,19 Mb.
#142546
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   252
Байланысты:
ПО 042-33 27 01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014

Оку процесіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар құралдарының мүмкіншіліктері барған сайын арта түсуде. Информациялық және коммуникациялық технологиялар қүралдары деп микропроцессерлік және есептеу техникасының негізінде қызмет атқаратын және сонымен қатар хабарларды таратудың жаңа қүралдары мен жүйелері, хабарларды жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өндеу, оларды жан-жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің хабарлар қорына енуді қамтамасыз ете алатын бағдарламалық, бағдарламалық-аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды атаймыз. Информациялық және коммуникациялық технологияға (ИКТ) жататындар: ӘЕМ, жеке меншіктегі компьютерлер; терминальдық қүралдардың комплек-тілері, жергілікті есептеу жүйелері, текстік және графикалық хабарлардың қүрылымдары, көлемі үлкен архивтік хабарларды сақтау құралдары, аудиовизуальдық хабарларды бақылайтын құралдар мен құрылымдар (Мультимедиа технологиясы мен «Виртуалдық шындық» жүйесі негізінде); машиналық графика жүйелері, бағдарламалық комплекстер (бағдарламалаудың тілдері, трансляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалардың пакеттері және т.б.); жергілікті жерлермен (мысалы, бір немесе бірнеше ұйымдар шеңберінде) қатар әлемдік деңгейде (дүниежүзілік хабарлар толкынында) хабарлар алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.
Білім беруді информатизациялау процесіне тән нәрсе - ол педагогика ғылымы дамуының бүкіл тарихында түңғыш рет информациялық және коммуникациялық технологияның негізінде қолданыс табатын оқу құралдарының мүлде жаңа түрлерінің пайда болуы болып табылады. Ал бұл технологиялар педагогика тарихында бұрын-соңды болып көрмеген білім беру процесінің интенсификациясына даңғыл жол ашып берді: жедел түрде жүзеге асырылатын кері байланыстар; оқу хабарларын компьютерлер арқылы беру; көлемі үлкен болып келетін хабарларды архивте сақтау; есептеу, информациялық-ізденіс қызметімен қатар оқу тәжірибесінің нәтижелерін автоматтандыру; оқу қызметін басқару мен басқару нәтижелерін бақылауды автоматтандыру.
Информациялық және коммуникациялық технологиялардың жоғарыда аталып өткен мүмкіндіктерін пайдалану білім берудің төмендегідей жаңатүрл ерін кеңінен пайдал ануға мүмкіншіліктер тудырады:
- интерактивтік (өте белсенді) сүхбат (диалог) — ол қолданушының компьютермен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Бүл арада сүхбат текстік бүйрықтар мен жауаптар арқылы қарқынды түрде жүзеге асып от-ырады (мысалы, сүрақтарды «керекті» сөздерді қолдану еркін түрде бере беруге болады);
- нақты объектілерді басқару;
- экранда көрініс тапқан түрлі объектілердің, күбылыстардың, процестердің үлгілерін басқару;
- оку процесінің нәтижелеріне автоматтық бақылау (өзіндік бақылау) жасау және бақылаудың нәтижелері бойынша тестілеу, түзетулер енгізу.
Жоғарыда атап өтілген білім беру цызметінің түрлері, бі-ріншіден, оқушылардың ой өрісін кеңейтуге бағытталған әдістемелерді жасауға мүмкіндік береді; екіншіден, оқушыларға әстетикалық тәрбие беруді жоғары дәрежеге көтеруге; үшіншіден, қазіргі адамдар үшін өте қажетті тиімді шешімдер қабылдай білу немесе қиын жағдайлардан шығудың жолдарын таба білу сияқты коммуникативтік қабілеттерді қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда сипатталған информациялық және коммуни-кациялық технологиялардың негізінде қалыптасқан білім беру цүралдарынъщ жаңа түрлерінің мүмкіншіліктері және олардың бүгінгі тандағы педагогика ғылымы саласында жүзеге асырылуының түрлі жолдары бар. Атап айтқанда:
- білім беретін бағдарламалық қүралдар, ал олардың әдістемелік қызметі төмендегідей болып келеді: игерілген білім мөлшерінен хабардар ету, оқушылардың білім алу немесе тәжірибелік қызмет тәжірибелері мен өзіндік қабілеттерін қалыптастыру және кері байланыстар арқылы айқындалған оқу материалдарын игерудің қажетті дәрежесін қамтамасыз ете білу;
- оқу материалдарын игерудің дәрежесін бақылауға (өзін-өзі бақылауға) арналған бағдарламалар;
- оқушылардың хабарларды белгілі бір жүйеге келтіру қабілеті мен тәжірибесін қалыптастыруға арналған ақпараттық-ізденістік бағдарламалар жүйесі мен ақпараттық-анықтамалық бағдарламалы құралдар;
- оның басты құрылымдық және функционалдық сипаттамаларын оқып-білу нақтылығының белгілі бір аспектісін қамтитын имитациялық бағдарламалық құралдар (жүйелер);
- объектінің, құбылыстардың, процестің немесе белгілі бір жағдайдың (нақты және «виртуалды») үлгілерін жасауға арналған моделдік бағдарламалық құралдар;
- оқу материалдарын көрнекілік жағынан беруді қамтамасыз ететін көрсетілетін (демонстрациялық) оку қүралдары;
- түрлі оку жағдайларына (мысалы, окушылардың дүрыс шешім қабылдай білу немесе іс-әрекеттің тиімді страте-гиясын таңдай білу; қабілеттерін қалыптастыру максатында) арналған ойын түріндегі бағдарламалық күралдар,
- демалыс кезінде қолданыс табатын бағдарламалык қүралдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет