Автоматизированная информационная система) – ақпаратты компьютерлік жинау, өңдеу, топтау, сақтау және формалды қолжетерлік түрде пайдаланушыға ұсыну жүйесі


Деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын



бет198/252
Дата11.05.2022
өлшемі1,19 Mb.
#142546
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   252
Байланысты:
ПО 042-33 27 01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014

Деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын оқу процесіне енгізуді пән бойынша күнтізбе жоспарын жаңаша құрудан бастайды. Ол үшін дэстүрлі оқытудағы екі бақылау жүмысының арасында өтетін оқу материалын Модуль деп қарастырып (ол тарау болуы мүмкін) оның құрылымы анықталады:
1-сабақ: §1
2-сабақ. §2
п- сабақ: §п
(«+1) -сабақ: (§1-§я) бойынша 3 деңгейлік қорытынды өздік жұмыс
(п+2) -сабақ: Өздік жұмыстан шыққан қателерді түзету сабағы
(п+3) -сабақ: Модуль бойынша Бақылау жұмысы
Модульдің дәстүрлі оқытудағы тараудан негізгіі айырмашылығы әр бақылау жұмысының алдында оған дайындық екі сабақ өтіледі. Бірніші (п+1) - сабақта оқушылардың модуль бойынша түсінбей қалған кемшіліктерін анықтап, оларды екінші (и+2) - сабақта жою мақсаты көзделген. Әр тоқсанның және жылдың соңында алынатын бақылау жүмыстарының да алдын-да осындай екі дайындық сабақтары өтеді.Бұл жағдайда: модульдік бақылау жұмыстарынан - тоқсандық, төрт тоқсандық бақылау жұмыстарынан жылдық бақылау жүмыстары құрылады. «Қосымша» сағаттарды үқсас материалдарды блокқа біріктіріп оқыту арқылы үнемдеуге болады. (п+1), (и+2) - сабақтарын біріктіріп бір 45 минутта өткізсе де болады.
Әр параграфтың мазмүнын (45 минут немесе 90 минутқа арналуы мүмкін) технологияның талабы бойынша меңгертуді ұйымдастыру үшін оның үш кезеңі анықталған.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бү_л түрлеріндегі ең басты- , сы - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.
Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет деп отырмыз ғой. Ол - оқыту құраладарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бүл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бүрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа тип-тегі оқулықтар қажет. Ол оқулықтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету қажет, себебі компью-терлік техника - оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жүмыстарын жүргізе алатындай, оқытушы орта қүруына мүмкіндік береді. Бұл жерде оқу мазмұны мен жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықгардаоқу материалдарының мазмүлы жаңаша баяндалуы қажет.
Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке түлғаны қаыптастыру болғандықган, оқулықтағы теориялық материалдардың берілу жолы осы мақсатты қанағаттандыра алатындай болып, оқушылардың өз бетімен білім ала алуына бейімдерін құрьшуы керек. Ол бойынша өнер тапқыщтық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен. Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л.С. Выготскийдің «оқыту процесінде оқытушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысу» туралы теориясы. Бұл ауысу—тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай төрт іс-әрекет деңгейлердің тапсырмаларын басынан бастап бірінен соң бірін орыңдау арқылы оқушы оқу материалының әр түрлі деңгейіне көтеріледі.
Ресей ғалымы В.П. Беспалько бұл деңгейлерді:
бірінші деңгей — «міндетті, оқушылық»,
скінші — алгоритмдік,
үшінші - эвристикалық және
төртінші - шығармашылық деңгейлердегі қабьщцау деп атайды.
Сондықтан да, оқушылардың білім,білік, дағдыларын жетілдіру үшін, деңгейлеп оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалары берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімелесуші-оқулық бойынша (сабақтың 1,2-кезеңдерінде): оқушылар а) жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп: анықтама, «рсжелерін өзі шығарады. Мұндағы тапсырмалар «сұрақ-жау-.іц» диалогы түрінде келтіріледі; б) жаңа меңгерген теориялық ііілімін үлгі ретінде қарапайым жаттығу-мысалдармен бекітеді. Бұл тапсырмалар оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін иімытуға бағытталады. Жұмыс дәптерлеріндегі (3-кезеңде): төрт деңгейлік тапсырмалар оқушьшардың жаңа тақырып бойынша алған теориялық білім-І дерін дамытып, тереңдетуге арналады. Оларды барлық оқушы бір-І дей бірінші деңгейден бастап орындауға көшеді де, әркім орывдап үлгерген тапсырмаларына сәйкес үпайларын жинайды.
Аталған екі оқу құралының да мазмұндары кейінгі кезде технология бойынша әр пәннен құрастырылып жүрген; оқушылардың арнайы оқу құралдарында, әзірге біртұтас беріліп жүр. Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы, арнайы пәннен төмендегідей талаптар қойылады:
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек.
2. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
3. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Жалпы техникалық пәндерде мүндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тап-сырмалар қүру арқылы орындалады және олар оқушынын өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды қүрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылықжақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға үксасд бірак оларды орындау үшін алғашқы алған білімдеріні түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Мүндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен беріл-ген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тап-сырмалар.
Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері мыналар:
- танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс - анализ бен синтез және салы-стыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мүндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
- әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер қүрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен к.ілыптастырған үғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой і-цбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі гир дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын чүиие жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, шңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мүғалімнің көмегінсіз корытып шығару).
Сонымен, қорытып айтатын болсақ, бұлар 3 кезеңнің бірінші деңгейі үшін — 1,2 кезеңдерде игерілген теориялық материалды пысықтау мен қайталауға, ережелер мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған тапсырмалар және олар сынақ ирқылы бағаланады.
Жоғары деңгейлер үшін - алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге, оларды тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.
Технология бойынша жүргізілетін оқушылардың өз бетімен білім алу процесі «басқаруға ыңғайсыз» - делініп, сыналып жатады. Сондағы айтатындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті көбінесе, қате болады» дейді.
Мүмкін, дәстүрлі оқу процесінде оқушыларды дәстүрлі оқулықтар бойынша өздігімен оқытуға тырысып, өздік жүмыстарын жүргізген кезде солай болса, болған шығар.
Бірақ, оқытудың жаңа технологиясы жағдайында:
- оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша қүрастырылып;
- оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;
- барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады.
Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші мүғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған. Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп үпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде «екіліктер» жойылуымен қатар, «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған.
Осы жерде, «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен қалайі жұмыс істеуіміз қажет?» - деген сүрақ туады. Бүл мәселенің да шешуі қарастырылған.
Мүндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгіліндёі орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;
Сыныптың басқаоқушылары өздігімен жүмыс істеп жатқан кезде мүғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін тек үйымдастырьш, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады.
Бүл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мсі і бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау мси бағалаудың ерекшелігі неде?
Деңгейліктапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат-сынып нқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрді бірі үрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі ішісырмаларды дүрыс орындағаны «есепке» алынып отырылады.
Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы ііқиі ьшдығына қарамастан, жүмысын «оқушылық», «міндетті», І-ші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап; әрқайсысы оілім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз билігіне жетедібүл нақты пән бойынша ең нашар үлгіретін оқушыға тірек білімін ғана тексеріп, үй тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пәні кшарғы шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне уақыт і исмдеуіне себеп болады. Нақтырақ айтсақ:
Әр оқушының, әр пәннен 100 % үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең юлмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге ісырады. Бүл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттардың минималды талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай ке-ісді, және дәстүрлі оқытудағы оқушылардың артық жүктеме і арту проблемасын шешеді.
«Есепке алу» (сынақ) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі мнашар оқушылар да, кем дегенде, «оқушылық» деңгейге сәйкес оілімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемізден байқадық. Себебі ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді. «Міндет-11» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай, ілгері ұмтылады; өзіне өзінің сенімі артады.
Олардың әрқайсысы 1 -деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.
Осылайша әр оқушы, әсіресе өзіне ұнайтын пәндерден, бір деңгейден келесі деңгейге өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бүл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады. Басқа пәндерден 1-деңгейлік тапсырмаларды толық орындап отырса жеткілікті. Осы уақытқа дейін дайындалған жүмыс дәптерлерінде тапсырмалар үш деңгейде ғана берілген. Төртінші деңгей тапсырмаларын (карточкалар түрінде) бәйгеден озып келген жүйріктерінің жеке қабілетіне сай құрастыру мүмкіншілігін, сабақ беретін әр үстаздың өз үлесіне қалтырдық.
Әр деңгейдің барлықтапсырмаларын дұрыс орындағаныүшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін - 5 үліай, екінші деңгей үшін - 10 ұпай, үшінші деңгей үшін - 15 ұпай.
Әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй жұмысын жақсы үйымдастыруға жәнЯ реттеуге мүмкіндік береді. Себебі, тақырыпты меңгерудегі төрв деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліпИ соған сәйкес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық, сабам үстінде орындап бітіруге, барлық оқушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да, олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уақытта мүғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі:
- бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерге оқушыларға қалауы бойынша екінші, үшінші деңгейлердің тапсырмалары;
- екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларғЯ қалауы бойынша одан да жоғары деңгейлік тапсырмаларИ ды жалғастырып орындай беру;
- т.с.с. деңгейден деңгейге көтеріле беру тапсырылады.
Ең жоғары деңгейдің шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларын, әрине, еңбекқор және нақты осы пән бойынша дарынды оқушы орындай алады.
Осылайша, сыныптан тыс уақытта оқушылардың сүйікті және өзінің қабілеті жететін пәндердің әр тақырыбы бойынша жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап, көтеріңкі баға алуына мүмкіншілік туады да, дамыта оқыту принципі орындалады.
Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы келесі проблемалардың шешілуіне жақсы жағдай жасайды:
- әр оқушы барлық бойынша 100 % үлгеруіне кепілдік ала-ды, әр тақырыптың бір деңгейінің тапсырмалары міндетті түрде және дұрыс орындағаны үшін сынақ алуы арқылы жоғарыда аталғандай, артық жүктеме тарту проблемасы шешіледі;
- оқушының «екі алып қалу», «үлгермей қалу», «үрейінің жойылуы»;
- әр оқушыға үй тапсырмасын саралап беру проблемасы (төрт деңгейлік тапсырмалардың сыныпта орындап үлгермегендерін үйде жалғастыра орындау мүмкіншілігін алу арқылы, сыныпта жинаған ұпай санын толықтырады, сондықтан жаңа тақырып бойынша қорытынды ұпай саныөседі) шешіледі. Бұл жерде: әр тақырып бойынша оқушы тіпті бір емес, екі қайта бағаланып отырады да журналды «бағамен толтыру жоспары» артығымен орындалады. Оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі, (өте жеңіл тапсырмалармен қатар, күрделі тапсырмалардың жауаптары дұрыс болса болады, жоғары беріле беруі);
- оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оны қабілеті жететін саласының дарынын ашу проблемалары шешіледі.
Бұл оқушылар арасында, бір-бірінің үлгерім деңгейлерін биқылапотыраалатындықтарынан,өзаражарыстудырады. Бірақ, окушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан жасалы иіітын демеп жіберуге рұқсат етіледі. Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабақ ір оқушының дұрыс орындаған барлық тапсырмаларының майларын шығарумен аяқталады.
Сонымен:
- технологияның принциптері жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзі-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.
- өздігінен оқытудың осындай мақсаттарын жүзеге асы-ру үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат - жаңа технологиясының талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып табылады. Мұндай оқулықтар мен дидактикалық қүралдардың бір ерекшелігі - олардың мазмұнын қысқа мерзім ішінде ешқандай беімдетусіз-ақ компьютерге енгізуге болады. Себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулықтардың құрылымына ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет