Ақпараттық техонология (Информационная технология;information technology) – 1) объектiнiң, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәлiметтердi жинау, өңдеу, жеткiзу тәсiлдерi мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс. 2) ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердiң, құрылғылардың немесе әдiстердің жиынтығы.
Ақпараттық ұрлық (Плагиат (Plagiarism)) –басқа адамдар әзірлеген мәліметтер мен ақпаратты өзінің меншікті шығармасы ретінде көрсетіп пайдалану.
Ақпараттық іздестіру жүйесі – Информационно-поисковая система–мәліметтер базасындағы ақпаратты іздестіруге арналған жүйе.
Ақпараттық іс-әрекет (Информационная деятельность;information activity) – жеке адамдардың, ұжымның немесе ұйымдардың жүйелi түрде жүзеге асыратын ақпаратты жинау, түрлендiру, сақтау, iздестiру және тарату процестерiнің жиынтығы.
Ақпараттық-логикалық машина (Информационно–логическая машина;logical information machine) – күрделі логикалық мәселелердi шешу мен пайдаланушыларға ақпараттық қызмет етуге арналған автоматтандырылған жүйе. Мұндай мәселелерге теореманы дәлелдеу, ғылыми бақылаулардың нәтижелерiн өңдеу, шет ел мәтiндерiн аудару және т.с.с. жатады.