Бақылау – Контроль – объектінің бір немесе бірнеше сипаттамасына өлшеулер, сараптамалар, сынаулар немесе бағалаулар жүргізуді қамтитын іс-әрекет және әрбір осы сипаттамалар бойынша сәйкестікке қол жеткен-жетпенгендігін анықтау үшін алынған нәтижелерді тағайындалған талаптармен салыстыру. Ескерту: Анықтама стандарттағы сапаға қолданылады.
Бақылау жұмысы – Контрольная работа – оқытудың белгілі бір кезеңінде нақты оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша ЖОО-ндағы студенттердің оқу материалын игеру деңгейін анықтауға бағытталған өзіндік жұмыстардың түрлерінің бірі.