Бағдарламаны тестілеу – Тестирование программы – бағдарламада қарастырылған режімдерде де, қарастырылмаған режімдерде де жұмыс істейтін бағдарламаны жан-жақты тексеру. Коммерциялық бағдарламаларды дайындау процесінде альфа-тестілеу мен бета-тecтілеуді айырып таниды.
Базалық оқу орны – Базовое учебное заведение– өзінің оқу жоспары мен әдістемесі және білімі туралы (барлық талаптар орындалған кезде) құжат беретін (аттестат, сертификат, куәлік, диплом) білім беру мекемесі.
Байланыс – Связь– ақпаратты және пошта жөнелтулерін қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру, жеткізу және тарату.
Байланыс желісін бөлу – Выделенные сети связи– ортақ пайдаланылатын, телеқатынас желісіне шыға алмайтын жеке және заңды тұлғалардың желісі, пайдаланушыларды осы желінің иесі анықтайды.
Байланыс құралдары – Средства связи – телеқатынас хабарларын немесе пошталық жөнелтулерді қалыптастыру, өңдеу, жеткізу немесе қабылдау үшін қолданылатын техникалық құралдар.
Достарыңызбен бөлісу: |