Әдістемелік жасақтама – Методическое обеспечение – курсты оқып білу бойынша әр түрлі тасуыштардағы оқу материалдары, әдістемелік ұсыныстар мен кеңестер.
Әдістемелік құрал – Методическое пособие – оқу пәнін (оның тарауын, бөлімін) оқыту әдістемесі бойынша немесе тәрбиелеу әдістемесі бойынша материалдары бар оқу басылымы.
Әдістемелік нұсқаулар – Методические рекомендации– студенттердің оқу пәнін өз беттерімен оқып білу мен білімдерін тексеруге дайындау әдістемесі бойынша материалдары бар оқу-әдістемелік басылым.
Әлеуметтік жобалау – Социальное проектирование (Social engineering) – әдетте таныс емеске ешкім ашуға болмайтын ақпаратты алу үшін дайындалынған арнайы ойын.
Әмбебап іздестіру жүйесі – Универсальная поисковая система (General Purpose Search Engine) – ақпараттың кең спектрін қамтитын іздестіру жүйесі, мамандандырылмаған ақпаратты іздестіру үшін қолайлы.
Бағдарлағыш – Маршрутизатор (Router) – әр түрлі желілерді қосатын және желідегі компьютерлердің арасында ақпаратты бағыттайтын немесе бағдарлайтын желілік жабдық.