Ашық білім беру жүйесі – Система открытого образования– ашық білім беру қағидаларын іске асыратын дидактикалық, техникалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық баптар жиынтығы.
Ашық білім берудің ақпараттық білім беру ортасы (АБ АБО) – Информационно–образовательная среда открытого образования (ИОС ОО) – бұл Интернет ортасындағы кәсіби мамандықтан (ұсынылатын білім беру деңгейінен), ұйымдастыру-құқықтық формалардан және оқу мекемелерінің меншіктілік формаларынан тәуелсіз оқу процесін жүргізудің біртұтас технологиялық құралдары бар бағдарламалық-телеқатынастық және педагогикалық кеңістік. Бұл орта ашық сипаттамаларға ие: қалыпқа келтірілген және қашықтықтан оқытудың ашық технологияларын пайдалану; білім беру жүйесінің үлестірілген оқу-әдістемелік, интеллектуалдық, ақпараттық және материалдық-техникалық ресуратарына ашық қатынас құруды қамтамасыз ету.