Ассемблердің мнемоникалары – Мнемоники ассемблера – процессордың сандық командаларын адам үшін түсінікті мәтіндік түрде ұсыну үшін қабылданған шартты белгілер. Әдетте командалардың мәтіндік сипаттамаларының мнемоникалары ағылшындық қықартулармен өрнектелген. Мысалы: DJNZ = Decrement and Jump if Not Zero (санды бір бірлікке кішірейту керек және, егерде ол нөлге тең болмаса, көрсетілген адреске өт). Атаулардың кеңеюі – Расширение имени – файл атауындағы соңғы нұктеден кейінгі символдар комбинациясы.
Аудиобейнежүйе – Аудиовидеосистема – мәліметтердің әр алуан типін өңдейтін жүйе.
Аудиоконференция– желілік технология жүйелерді, қатынастық жүйелерді, компьютерлік технологияларды немесе телефонды пайдалану арқылы әр түрлі географиялық нүктелерде тұрған бірнеше адамның дыбыстық қарым–қатынасы.
Аудиоконференция (audioconferencing) – бұл конференцияға қатысушыларды дыбыстық жалғастыру кезінде болатын телеконференцияның бір түрі. Аудио конференцияны байланыстың цифрлық та, аналогтық та жүйлерінде ұйымдастыруға болады. Аудио конференция бір жақты бейне (one-way video), серіктік ТД үйлесімінде, сондай-ақ селекторлық кеңестер өткізу үшін кеңінен пайдаланылады.