Интернет-оқулық – Интернет-учебник – Интернетке орналастырылған, біртұтас интерфейспен жарақталған, берілген оқу пәні бойынша үнемі дамитын оқу-әдістемелік кешен. Интернет-оқулық компьютерлік оқулықтың сол сапаларына ие және қосымша таралымын арттыру мен жедел жаңартылу мүмкіндігінің бар болуы.
Интернет-оқыту – Интернет–обучение – білім алушылардың компьютерлік Интернет желісі арқылы ақпарат көзімен, оқытушымен немесе бір бірімен байланысы кезіндегі оқыту.
Интернет-технологиялар – Интернет-технологии – желідегі іс-әрекет немесе Интернет желісінің көмегі негізінде болатын ақпараттық, телебайланыстылық технологиялар, сондай-ақ сервистік қызметтер.
Интернеттің қызмет көрсету провайдері – Провайдер услуг Интернет (Internet Service Provider, ISP) – Интерненке қатынас құруды ұсынатын компания. Қызмет көрсетудің төлемі уақыт бойынша немесе трафикті есепке алу негізінде жүзеге асырылатын болады.