Интероперабелдік – Интероперабельность (англ. Interoperability) – жүйенің басқа жүйелермен өзара әрекеттесу қабілеттілігі.
Интерпретатор – жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламаның бастапқы кодын процессорға түсінікті машиналық кодта тәржімелеуді орындайтын қызметтік бағдарлама (транслятор). Түсініктеме беру процесі тікелей бағдарламаны орындау кезінде болады (Компилятормен салыстырыңыз).
Интерпретация– бағдарламаның бастапқы кодын процессордың машиналық кодына түрлендіру процесі. Интерпретация процесі интерпретатордың басқаруымен тікелей бағдарламаны орындау кезінде болады (Компиляциямен салыстырыңыз). Интерфейс – компьютерлік жүйенің құрауыштары мен қатысушыларының арасындағы өзара байланыс.