Компьютерлік вирус – Компьютерный вирус – басқа бағдарламаларға өз бетімен енуге, өзінің көшірмелерін құруға және оларды бағдарламалардың жұмыс істеуін бұзу, файлдар мен каталогтарды бүлдіру, компьютер жұмысына кедергі жасау мақсатымен файлдарға, компьютердің жүйелік аймақтары мен есептеу желілеріне енгізуге қабілетті бағдарлама.
Компьютерлік есеп кітабы – Компьютерный задачник– табиғаты әр түрлі есептерді шығару әдістерін тез меңгеруге мүмкіндік туғызатын компьютерлік ойындар түрінде іске асырылған есеп кітабы.
Компьютерлік жүйе – Компьютерная система – бірге әрекет ететін аппараттық және бағдарламалық жасақтамалардың жиынтығы.
Компьютерлік қолдау – Компьютерная поддержка– компьютерлік оқулықтың электрондық құрауыштары (үйрететін бағдарламалар, модельдеу жүйелері, математикалық макеттер, білімді тексерудің бағдарламалық құралдары).
Компьютерлік ойын – Компьютерная игра– тұлғаның ойлауын және шығармашылық қабілетін дамытуға арналған ең тиімді шешімдерді дайындау мақсатында қақтығыс әдісімен жағдайды модельдейтін компьютерлік технология.
Компьютерлік оқу курсы (Электронный учебный курс) – Компьютерный учебный курс (Электронный учебный курс) – оқу курсын немесе оның үлкен бөлімін өз бетімен игеруге мүмкіндікті қамтамасыз ететін бағдарламалық әдістемелік кешкен. өзіне кәдігімгі оқулықтың, анықтаманың, есеп кітабы мен зертханалық практикумның сипаттамаларын біріктіреді. Компьютерлік оқу курсының негізгі міндеті – белгілі бір пән саласындағы және жеке дара режімде белгілі бір көлемдегі, не оқытушының көлемі бойынша шектеулі әдістемелік көмегімен (жеке жағдайда, желілік кеңестер арқылы) жаңа білімдерді, біліктер мен машықтарды қалыптастыру мен бекіту.