Көрінерлік ету – Визуализация – мәліметтерді кескіндер түрінде көрсету процесі.
Көшірмелеу – Копирование – объектіні көбейту операциясы. Орын ауыстырумен салыстырыңыз.
Крекер (Cracker) – хахердің өзге атауы.
Куки (Cookie) – сіздің веб-сайтқа алдыңғы сапарыңыз туралы ақпараты бар шағын мәтіндік файл.
Курсты аяқтағаннан кейінгі тестілеу – Тестирование после окончания курса – білім алушылардың білімді меңгеру дәрежесін бағалау мақсатымен курсты немесе модульді оқып болғаннан кейін өткізілетін сынақ, тест немесе емтихан.
Курсты оқып білу траекториясы – Траектория изучения курса– білім алушының дайындық деңгейіне тәуелді анықталатын және оқу процесінде іске асырылатын желілік курс модульдерінің құрамы мен реті.
Курстың құрылымы – Структура курса – әр түрлі модульдердің (тараулардың, тақырыптардың) жазбасы, олардың байланысына бағдар және тізбектілік.Курстың мазмұны мақсатқа сәйкес таңдалынады және өзіне тек фактыларды, оқиғаларды ғана емес, процестер мен іс-әрекеттің тәсілдерін, құнды бағдарларды қамтиды.