Командалық батырма – Командная кнопка – сұқбаттық терезені басқару элементі. Командалық батырма сұқбаттық терезені ашу, қосымша параметрлері бар жаңа сұқбаттық терезені ашу, дайындалынған операцияларын орындау үшін пайдаланылады. Командалық батырмалар басқарудың ең интуитивті түрде түсінікті элементтерінің бірі болып табылады және тек сұқбаттық терезелерде ғана емес, басқаларда да пайдаланылады.
Командалық жол – Командная строка – пайдаланушының графикалық интерфейсі жоқ операциялық жүйенің командаларын енгізу үшін қызмет ететін жол, мысаылы, MS-DOS жүйесі. «Шақыру» термині де жиі қоданылады. Егерде тек команданы ғана емес, қосымша параметрлерді де енгізу талап етілсе, онда командалық жол қолайлы болады. Графикалық операциялық жүйелер әдетте арнайы сұқбаттық терезеде немесе командалық жолдың қызметін орындайтын қосымша тақтада беріледі.
Компилятор – жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламаның бастапқы кодын процессордың машиналық кодында тәржімелеуді орындайтын қызметтік бағдарлама (транслятор). Интерпретатормен салыстырыңыз.
Компиляция – жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламаның бастапқы кодын процессордың машиналық кодына түрлендіру процесі. Компиляция процесі бағдарламаны атқарумен ешқандай байланысты емес. Ол жеке және тәуелсіз жүргізіледі. Компиляция нәтижесінде объектілік код – программист пайдаланған, тек қажетті стандарттық процедуралар кітапханасынан қосылғаннан кейін ғана орындалатын кодқа (бағдарламаның жұмыс кодына) айналатын «жартылайфабрикат» алынады. Бұл қосылуды басқа қызметтік бағдарлама – байланыстар редакторы орындайды. Интерпретациямен салыстырыңыз..