Кескін – Изображение – білім алушының көзбен қабылдауына арналған ақпартты ұсыну формасы.
Кесте – Таблица– тік бағандар (графтар) мен горизондаль жолдарға ұйымдастырылған, өзіндік мағыналық тор құратын сөздік цифрлық материал.
Класс T1-ді қосу – Соединение класса T1 (T1 connection) – компаниялар пайдаланатын және жуықтап секундына 1.544 мегабит жылдамдықта Интернет желісіне қосу үшін жиірек шағын провайдерлермен қосу.
Класс T1-ді қосу – Соединение класса T3 (T3 connection) – секундына 44.73 мегабит жылдамдыққа дейін ақпаратты жеткізу үшін оптоталшықты кәбіл пайдаланылатын қосу.
Кластер – дискілік кеңістіктің ең аз адрестелетін бірлігі. минимальная адресуемая единица дискового пространства. Әдетте жазу біртұтас операция бірлігінің ауқымында жүргізілетін дискінің бірнеше физикалық бөлімдері бар. Кластердің мөлшері пайдаланылатын файлдық жүйемен және диск параметрлерімен анықталады. Үлкен дискілер үшін FAT 16 файлдық жүйесінде кластердің мөлшері 32 Кбайт-қа жете алады.
Клиент– қашықтықтағы компьютерден немесе серверден мәліметтер мен нұсқауды алуға және өңдеуге қабілетті аппараттық және бағдарламалық жасақтаманың үйлесімі.