Ақпаратты тасуыш (Носитель информации;data medium) – өзiне белгiлi бiр тәсiлмен енгiзiлген кодтаулы ақпаратты Ұзақ уақыт сақтауға қабiлеттi физикалық дене. Оған магниттiк таспалар, карталар, дискiлер және т.б. жатады.
Ақпаратты ұсынудыңекiлiк формасы(Двоичная форма представления информации) – кез келген мәлiметтердi (ақпараттарды) тек екi символдың – 0 және 1 тiзбегi арқылы бейнелеу түрi (коды).
Ақпаратты шығарып оқу (Считывание информации)– қандай болса да ақпарат тасуышта жазылған ақпаратты оқу (шығарып алу). Ақпарат тасуыштың типiне және сақтау принципiне байланысты ақпаратты шығарып оқуды ақпарат тасуышты алғашқы қалып-күйге келтiру арқылы немесе өзгерiссiз-ақ iске асыруға болады. Ақпаратты шығарып оқудың бiрiншi тәсiлiнде ақпарат жойылады да, қайта шығарып оқу үшін оны алғашқы қалпына келтiру қажет. Ал ақпаратты шығарып оқудың екiншi тәсiлiнде ақпарат сақталынады. Ақпараты жойылмайтын шығарып оқуды барлық ақпарат тасуышқа қолдануға болмайтындықтан, арнайы жинақтағышты (мыс., магниттiк таспаны немесе дискiнi, биакстарды, трансфлюксорларды) пайдалану талап етiледi.