Ақпараттық iздестiру жүйесi (Информационно-поисковая система;informtion retrieval system) – форматталған сұраным бойынша мәлiметтердi сақтауға және iздестiруге арналған бағдарламалық жүйе.
Ақпараттық iздестiру тiлi (Информационно-поисковой язык;informtion retrieval language) – компьютердің ақпараттық iздестiру жүйесiндегi құжаттарды немесе олардың үзінділерiн сипаттау үшін арнайы әзiрленген жасанды тiл; оның көмегімен ақпаратты iздестiру жүйесiнің жадынан пайдаланушылардың талап-тiлектерiне лайықты ақпаратты iздестiруге сұраныстар құрастырылады.