Байланысты: ПО 042-33 27 01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014
Ақпараттық білім беру ортасы (АБО) – Информационно–образовательная среда (ИОС) – бұл Интернет ортасындағы кәсіби мамандықтан (ұсынылатын білім беру деңгейінен), ұйымдастыру-құқықтық формалардан және оқу мекемелерінің меншіктілік формаларынан тәуелсіз оқу процесін жүргізудің біртұтас технологиялық құралдары бар бағдарламалық-телеқатнастық және педагогикалық кеңістік. Оған тән үш нышанды ерекшелейді: педагогикалық жүйемен қамтамасыз етілетін ішкі жүйелер: қаржылық, материалдық-техникалық, маркетингтік, нормативтік-құқықтық; ақпараттық ресурстарды әзірлеуге арналған иерархиялық әдістер және олармен жұмыс істеу; қашықтықтан педагогикалық іс-әрекетке интерактивтілік қатынас құруға қызығушылық танытушы, мұндай қатынас құруға техникалық мүмкіндігі бар және оған шынайы қатынас құруды қабылдаған бөліп үлестірілген кеңістіктегі субъектілер қоғамдастығы.