Автомобиль жүргізушілерін дайындаудың



бет2/3
Дата24.05.2017
өлшемі475,03 Kb.
1   2   3

6 Тақырып. Жүргізуші кәсібінің психофизиологиялық негіздері. Жүргізуші психофизиологиялық еңбегі туралы түсінік. Жүргізушінің еңбегінің психофизиологиялық ерекшеліктері. Жоғарғы жүйке жүйесінің негізгі заңдылықтары.

Жүргізуші сенімділігі туралы және жүргізіушілер еңбегінің психиологиясы туралы түсінік

Психофизиалогия екі ғылыми бағытта яғни психологияны және физиологияны біріктіреді. Психология - адам психологиясының жүйелерінің қызмет ету туралы ғылым. Еңбек психофизилогиясы адамның еңбек етудегі психологиялық және физиологиялық үрдісін жүру мен еңбектің әртүрлі түрлеріндегі осы үрдістерге қойылатын талаптар зерттейді.

Көлік жүргізушілерінің еңбек физиологиясы олардан кәсіптік қызметің психофизилогиялық ерекшеліктері әртүрлі қызметтегі жүргізушілердің физикалық жағдайына және психикалық үрдісіне қойылатын талаптар зерттейді, олардан сенімділігі көтеруге, дамулығын сақталуына және еңбек өнімі таралуы жетілуі.

Психикалық үрдістер жүргізушілерді кәсіптік қызмет ету үрдісінде жетілдіреді. Бұл үрдіс жаттығу жолымен жылдамдатылуы мүмкін. Психофизилогияның тәжіребел әдісін қолдау, оларға қойылған талаптарға сәйкес емес жүргізушілердің мүмкіндігін өз уақытына алып тастауға мүмкіндігін береді. Бірақта психофизилогиялық жаңайын үрдісін жол-көлік апаттарын зерттеуде, үйренуде тиімді болады.

Таңдалған әдеттердің динамикалық осыған байланысты, әрі ол жол қозғалысының болып табылатын орталық жүйеге қызметтың рефлекторлық табиғаты туралы И.П.Павловтың зерттеулері негізгі үш негізгі қағида жатады.

Бірінші қағида - детерминизм табиғатта, яғни тірі ағзаға себепсіз еш нәрсе болмайды кез келген рефлекторлық актінің себебі бар. Бұл диалектикалық материализм негізгі ережелерінің бірі.

Екінші қағида - талдау мен шексіз бірлігі. Жүйке жүйесі барлық қызметі үрдісін біздің сезім мүшелерімізге әсер ететін күрделі қоздырғыштар қарапайым құрама элементтерді бөлшектейді және сол арада жүйеге сәйкес жағдайында біріктіреді.

Үшінші қағида - құрылымдылық кез келген рефлекторлық акт бас миының қабықшасының белгілі бір аймағымен байланысты. Барлық ағзадағы сияқты бас мишық барлық үрдістер материалды, олардың негізіне жүйке жүйесінің белгілі бір бөлігінде жүретін материалды үрдістер жатады. Жүргізушінің сенімділігі олардың психикалық үрдістерінің ерекшелігі жүргізушілердің дайындау және шеберлігін жетілдіру. Жол көлік апаттарына әкеп соғатын, жүргізушілердің жіберетін қателіктері нақты себептермен анықтау мүмкін емес, немесе өте қиын. Жол көлік апаттардың себебі болып табылатын қателіктерін дұрыс түсіну үшін психофизиологиялық ерекшеліктердін есепке алу қажет. Оларға келесілерді жатқызуға болады.



1. Көлік жоғарғы дәрежедегі қауіпті көлік машинасы болып табылады. Сондықтан автомобильді басқаруда кері эмоция болып; үрей, қорқыныш, күдік, сенімсіздік, апатты жағдайдың үнемі күту, кері эмоция тез шаршату және қабылдау, ойлау мен түйсін үрдістерін нашарлату, ұқыптылықты төмендету, қозғалыс координаторын бұзуды, реакция уақытын арттыру тудыратын салмақ пайда болады.

2. Үздіксіздік және дискреттік жүргізуші қызметіне бұл ерекшелік жүргізушінің тез арада, үздіксіз және жол қозғалысы ережесін сақтай отырып жолаушылар мен жүкті бір пункттен екіншісіне жеткізуге артыуымен белгілінеді. Осы параметірлері - қамтамасыз ететін ынғайлық басқа көрсеткіштермен белгіленеді; жастықты еніне дене бөлігінің еркін қозғалыс жағдайы байланысты; орындық терендігіне – тізе буындарына еркін қозғалысы; терезе мен айнаға сәйкес көз жағдайының биіктігіне, яғни арқаның көлбеу бұрышының толуына - орындықтан жылжып кетуді болдырмайтын ынғайлы отыру; орындық биіктігіне басты, яғни мойын омыртқаларының зақымдалыуына, сақталуына арналған кездегі жеткілікті тірек байланысты. Қазіргі уақытта басқарудың құрамдарын жылжымайтын кезінде де жүргізушілерге отырып реттеудің мүмкіндіктері бар және басқарудың отырғыш пен құралдарын бір уақытта реттеуге болады. Осындай құрығылардың күрделігі мен жоғарғы құны және сонымен қатар олардың тиімді пайдаланудың тиімсіздігі жүргізушілерге бұл отырғыштардың тәжірібиеде қолдануға болмайтынын ескертеді. Дегенімен ең қарапайым реттеу түрі көбінесе қазіргі автомобильдерде қарастырылған. Терезенің ластануы мен ақаулығы сонымен бірге терезеге әр түрлі заттарды іліп қою жүргізушінің көру қырағылығына кедері жасайды. Мамандар автомобильдің алдыңғы аймағандағы жалпы қараңғы фондағыдай болуы үшін автомобильдің кабинасының ішкі көрінісі оны жол мен белгілерден көнілін аударатындай жарық болмау керектігін мақұлдайды. Жүргізушінің көңіл күйі мен оның жұмыс қабілеттілігі үшін кабинаның микроклиматы ең маңызды роль атқарады бұл - ауа температурасының ылғалдығы және жүріс жылдамдығы. Кабина мен жолаушылар салонындағы бірқалыпты микроклиматтың параметрлері жыл мезгіліндегі ауа райының жағдай мен адамдар санына байланысты қамтамасыз етілуі тиіс. Кабинадағы ауаның температурасына, қозғалтқыштың қызу деңгейі мен желдеткіш өткізбеушіліктеріне байланысты болады. Кабинадағы температура шамамен 15-20о С болуы керек. Ең орнықты температура 18-20о С. Жазғы уақыттағы температурасы 4-12о дейін көтереді. Жүк автомобильдері кабинасының температурасы 50-60о С, дейін жетеді. Температураның төмендеуі мен көтерілуі жүргізушінің көңіл-күйі мен жоғарғы температура кезінде ойлау көңіл бөлу, есте сақтау қабыліті бұзылады, уақыт созыла түседі және сенсомоторлы реакцияның дәлдігі азаяды. Ең соңында жүргізуші жолдағы өзгерістер уақытымен мән бермейді, қажетті жүргізу басқару әрекеттерін уақытымен істеуді кеніктіріп, қателіктер жебіреді, тез шаршайды. Температураның төмендеу барысындағы қозғалтқыштық рекциясының тездетуінің төмендеуі бұлшық еттердің жұмысының төмендеуіне әкеп соғады. Бұл қозғалыстың тура еместігі мен тоқтап қалуына көрінеді. Ыстық киім киген кездегі жұмыс жүрістін бәсеңдетеді кең жүннен басылған аяқ киім басқыштық басу кезіндегі жұмысты қиындатады және олардың қарсылығы нашар сезілімді. Кабинадағы температураның жоғарлау себебін зерттеулер қаптаманың қызып кетуінен деп көрсетіп отыр. Мұндай жағдайда микроклиматты жақсартудың ең бір негізгі шарасы төбе күн сәулесімен шағылысуына мүмкіндік туғызады олардың ақ түске бояулы болып табылады.

Ауа температурасының жоғарылығын түсірудің тиімді әдісінің бірі форточка көлемінің кеңдігіне жететін желдеткіш болып табылады. Кузовтың артқы бөлшектеріндегі саңылау арқылы кабинадан ауаны кондиционерлердін қолданыуды ұсынады. Автомобиль кабиналары төменгі температура жағдайында жұмыс істеуге арналған электрожылыулы екі қабатты щыныланған жылу өткізбейтін қабырғалары болуы керек. Кабинаны жылыту жоғарғы күштегі автономды жылулықпен жүзеге асырылуы тиіс. Кабина іші екінші жағы ауық ауа мен беттесетін үстіңгі беті металдан болмауы керек.

Кабинадағы ауа температурасын бағалау барысында жүргізушінің жағдайы мен организмінің жылу реттеулігіне үлкен әсерін тигізетін ауа ылғалдығын да ескеру қажет. Абсолютті ылғалдық – сол температура кезіндегі ауада будың барлығынан максималды ылғалдық сол температурадағы ауада су буларының шамамен болу мүмкіндігінен және біршамалы ылғалдық абсолютті ылғалдықтың максималдық түріне пайызды айырмашылығынан болады. Жоғарғы температура барысындағы ауаның үлкен салыстырмалы ылғалдығы адам организмінің ысып кетуінің себебі болу мүмкін. Негізінде ауа температурасы +30о С жақын кезінде 70-75%-дан көп біршама ылғалдықта жағымсыз әсер етеді. Сулы бумен әбден толған ауада булану жолымен жылу беру мүмкін емес немесе шектеулі, тер буланбайды да терімен ағады және ешқандай салқындатылған әсер бермейді. Ауаның жоғарғы ылғалдану мен ауа температурасының төмендеуі кезіндегі сыртынан жағымсыз жылу берудің салдарынан адамға жағымсыз әсер қалдырады. Бірқалыпты салыстырмалы ауа ылғалдығы шамамен 30 дан 70%-ға дейін болыу керек. Организмнің жылу реттеуші үшін арналған айтарлықтай маңызды ауа қозғалысының бар. Адам ауа ағындары ауа қозғалысының жылдамдығын 0,25 м/с кезінде сезіне бастайды. Суық ауаның тез арада ауысу (немесе қозғалыс) дене үстінен жылу беруді айтарлықтай ұлғайтады бұл организмнің салқындатып кетуіне әкеп соғады.

(Сезім) Түйсік пен қабылдау және олардың автомобильді басқарудағы ерекшелігі жүргізушілердің психологиялық сенімділігі – бұл олардың психологиялық қасиетінің жүргізушілік қызметінің талаптары мен сәйкестігі.

Психологиялық сенімділігін түйсік (сезім) пен қабылдау, сенсомоторлық реакцияның жылдамдығы мен дәлдігі, зейін мен зерде, эмоция мен жігер жататын қасиеттердің ерекшеліктеріне, сонымен қатар қабылеттілік пен ынта, темперамент пен мінез , моральдық мінез құлық сияқты тұлғаның ерекшеліктеріне байланысты. Психологиялық сенімділікке осы қасиеттерді оқу процесіне және ары қарай кәсіптік қызметте мақсатты бағытта жаттықтыру нәтежиесінде қол жеткізу. Осындай жаттықтырудың жетістігі оқушылардың психологиялық және тұлғалық ерекшелігіне, шебер-нұсқаулықты дайындау мен оны оқушылардың жеке ерекшелерін есепке ала отырып, жаттықтыруда оқуды дұрыс таңдай алатынына байланысты. Психологиялық жаттықтыру жетістігінің қажетті шарты шебер-нұсқаушының автомобиль жүргізушісінің психофизикалық еңбегінің негізін білу болып табылады.

Жүргізушінің психологиялық сенімділігінің бір элементі оның қозғалыстың басқа қатысушыларына қатысты өз автомобилінің дәрежесіне және жол жағдайын бағалау үшін қажетті ақпараттарды өз уақытында және дәл қабылдауда жүргізуші осы ақпараттарды психикалық көмегімен алады.

Түйсік - сезім мүшелеріне әсер ететін адам санасындағы жеке қасиеттерді, заттар мен құбылыстардың бейнелеуін бөлшектің қозу және сезгін жүйкелермен сәйкес ақпараттарды бас миының орталық қабыршасына тасмалдау нәтежесінде пайда болуы. Түйсік (сезім) бөліну көрікті, буын-бұлшықты, статистика, есту, вестибулерлық - терілі.

Түйсік(сезім) өзара байланысты және бір біріне әсер етеді. Мысалы иссіз қышқыл дәмнің сезім сезімтал көру сезгіштігін, музыкаға сезімтал барлық түстердің музыкалық шығармашылығында қатысушы ылғи заттар мен құбылыс (норма, түс, шама, қозғалатын және қозғалмайтын объектілердің күйін, басқару органдарын, қозғалыс жылдамдығы мен бағытын, дыбыс (сигнал) белгілерін жеке қасиеттерін бағалайды.

Қабылдау. Қабылдау дегеніміз ол заттар мен құбылыстардың психикалық үрдістерде бейнеленетін және олардың әртүрлі қасиеттерінің жиынтығы, онда бірнеше түйсік біріктірілген. Олардың ішінде қайсысының басым болуына байланысты көру, есту және басқа да қабылдау деп бөліп қабылдау бұл тек түйсіктің жиынтығы емес, психикалық үрдіс психикалық үрдіске және жорамал жатады. Осыдан барып әрбір берілген елестету пайда болуда саналатын объектілер мен құбылыстар жалпы көрісінен бөліп алады. Көру қабілетінде ақауы бар және апатқа кінәлі жүргізушілер қалыпты көру қабілеті бар жүргізушілермен салыстырғанда 5-6 есе көп автомобильді жылдам жүргізген машинаның сезімі деп аталатын сезімнің маңызы зор. Ол дегеніміз тәжірибелі жүргізуші автомобильдегі аздаған өзгерістерді сезуі. Бұл сезім көру, есту, қозғалу және вестибулерлық түйсік кешенінің нәтижесі болып табылады.

Жүргізушінің қабылдау қасиеті оның кеңістік пен уақытты жылдам және дұрыс қабылдау қасиетіне байланысты. Кеңістікті (форма, шама, заттың, көлемі, заттардың арасындағы қашықтық) қабылдау жүргізуші үшін аса маңызды. Ол заттар арасындағы қашықтықтың және олардың алыстығын қабылдау, кеңістікті бағалау қабылеті оқу және жаттығыу қызметінің нәтижесінде пайда болады.

Кеңістік қабылдауға көру өрісі, көру өткірлігі және терең көру жатады.

Көру өрісі - бұл адамның көз алмасының қозғалыстық күйде көзқараспен көретін кеңістік. Көру өрісі ақ түс үшін сыртқы жаққа 90о, ішкі жаққа – 60о, төменге – 70о, жоғарыға – 50о таралады. Бірақ бұл біз көз үшін монокулерлы көру өрісі. Бинокулерлық көру өрісі 120-130о құрайды және ол автомобиль алдындағы барлық кеңістікті түгел көреді. Көз қарас жылжығандағы көру өрісі 180о дейін өсуі, ол қозғалыстың қауіпсіздігін арттырады. Көру өрісінің өлшемі қарастырылатын заттың түсіне байланысты.

Көгілдір түс үшін көру өрісі ақ түске қарағанда 10-15о төмен, ол қызыл түс үшін көгілдір түске қарағанда төмен. Жасыл түс үшін көру өрісі ақ түске қарағанда екі есе аз.

Көру өрісі елеулі тартылғанда (қысылғанда) жүргізуші автомобильді басқаруда қателіктер жіберуі мүмкін, мысалы, жол шетіндегі жаяу жүргінші байқамайды, тұрған немесе қуып жететінін дұрыс бағалай алмайды, жол қиылысында жіберіп алады, маңызды детальдарды жіберіп алады.

Көру өткірлігі – бұл ұсақ заттарды немесе олардың бөлшектерін олардың алыс жерде көру қабылеті. Ол минималды екі жеке арасындағы қашықтықта көз оларды жеке қабылдауға анықталады. Көру өткірлігі шамасы әр түрлі әріптер түсірілген өрнекті кесенін көмегімен өлшенеді. Ең өткір көру орталық көру өрісінде. Егер көздің орталығында шартты конус жүргізген, онда өте жақсы көру өткірлігі 5-6о , нашар 12-14о конуста периферияға қарай көру өткірлігі төмендейді. Сондықтан жол белгілері, конустың бұрышы 12о төмен емес көру шектерінде орнатылыу тиіс.

Орталық көру өрісін тежеу белгісі уақыт қажет болғанда перифериялық көру аймағынан жүргізуші назарын жол жағдайына бұрып обьектілерді қабылдауды қажет етуі. Бұл уақыт, мысалы қиылыстан өткенде көздің солға қозғалысы (0,15-0,23 с), сол жаққа көзді белгілеу (0,10-0,30 с), көзді оңға бұрыу (0,15-0,30 с), оң жаққа көзді белгілеу 0,1-0,30 с. Жолдағы жалпы уақыт 0,50-116 с құрайды. Жүргізуші жолдың жүретін бөлігіннен көңіл бөлген уақытта, автомобиль 10 немесе 25 м дейінгі қашықтықты жүріп өтуде, ол көбінесе жол көлік апатына ұшыратады.

Қалыпты көру өткірлігінде жүргізуші жол белгілерінің формасын, жолдағы барлық обьектілерді және олардың бөлшектерін нақты дәл ажыратады, ал жақыннан көретін жүргізуші автомобильдің қалқанындағы аспаптардың көрсеткіштерін жақсы көру және жолды нашар көруді, ол алыстан көретін көрінісіне.

Көру тереңдігі - бұл обьектілер арасында әртүрлі обьектілерге дейінгі қашықтықты ажырату қасиеті. Заттардың алыстығын қабылдауға негізгі роль екі көздің осьтерінің мәліметтеріне, яғни конвергенцияда пайда болатын түйсікте болады жалпы заттарды қарағанда адам көздерін бір-біріне жақындаттырады, ал алыстағыны қарағанда- екі жаққа жібереді. Көздің бұл қозғалыстарын сезімсіз іске асатын, яғни көз бұлшық еттерінің жиырлуына, сонымен қатар көріністің айқындығының төмендеуі-жоғарлауынан, обьектінің жақындығы немесе алыстығы туралы біздің санамызда бөлшектерді ажыратуды белгі беру дәрежесінде пайда болу. Кеңістікті дұрыс қабылдауға жолда жиі кездесетін заттардың өлшемдері білуінен қол жеткізуге болады. Қозғалыста жылдамдықты арттыруда жүргізуші өзінің назарына автомобильден аулақ барлық жол бөлшектерін бағыттауы қажет. Жүргізуші назары аулақ ұсталса, онда ол жолдың кең аумағын қабылдайды, яғни оның көру өрісінде көптеген обьектілер 30 м қашықтықта, жүргізуші ені 1,5 м жол бөлімшесін қабылдайды , ал 500 м қашықтықта қуып жететін асуда қажет. 600-800 м қашықтықта өз асуында қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда көруі тиіс.


Дәріс жоспары

1 Жүргізуші кәсібінің психофизиологиялық негіздері

2 Жоғарғы жүйке жүйесінің негізгі заңдылықтары.

Ұсынылған әдебиет

1 Романов А.Н. Автотранспортная психология Уч. Пособие для студ. Высш. Учеб. Заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2002. – 224 с.

2 Романов А.Н., Мишурин В.М., Шульц В.А. Внимание водителя в условиях движения // Автомобильный транспорт .- 1986. №6.- С. 21-22

3 Мишурин В.М., Романов А.Н. Надежность водителя и безопасность движения.- М.: Транспорт, 1990.



СӨЖ орындауға бақылау тапсырмасы

Жүргізуші еңбегінің психофизиологиялық ерекшеліктері


7 Тақырып. Қабылдау мен сезіну туралы түсініктер. Қабылдаудың жеке түрлерінің автомобиль жүргізушісіне әсері. Кеңістікті, уақытты және автомобиль жылдамдығын қабылдау. Қабылдауда жіберілетін қателер.

Дәріс жоспары

1 Қабылдау мен сезіну туралы түсініктер.

2 Кеңістікті, уақытты және автомобиль жылдамдығын қабылдау.

СӨЖ орындауға бақылау тапсырмасы

Кеңістікті, уақытты және автомобиль жылдамдығын қабылдау. Қабылдауда жіберілетін қателер.


8 Тақырып. Жүргізуші шеберлігінің психофизиологиялық негіздері. Сенсомоторлық реакциялар. Қарапайым және күрделі сенсомоторлық реакциялар. Жүргізуші реакциясына әсер ететін факторлар. Сенсомоторлық реакцияларды зерттеу әдістері. Автомобиль жүргізуге оқыту әдістемелері. Жүргізушілердің кәсіби шеберлігі және сенімділігі. Жүргізіші дағдылары және оларды қалыптастыру. Жүргізушілерді психологиялық дайындау.
Жүргізуші дағдылары және олардың қалыптасуы.

Дағдылар – бұл күрделі ұғымды қызметтің элементтері құрайтын жұмыстың автоматтандырылған тәсілі. Дағдыларды автоматтандырылған әрекет ретінде ұғымды қтетін әрекеттерден түбегейлі болып алуға болмайды. Әрбір дағды қызмет процесінде саналы әрекетке өтуі мүмкін, ал көп әрекеттер қызмет процесінде дағдыға айналуы мүмкін. Сонымен мысалы, жол жүргізушісі аяқ астынан жолда пайда болғанда жүргізуші автоматты тежеуіш баспасын басады. Ал содан кейін басып кетпеу үшін барлық басқа қажетті әрекеттерді саналы орындайды. Ұқсас жағдайларда жиі қайталанған кезек бұл әрекеттердің кейбіреулері автоматтандырылған дағдаға айналуы мүмкін.

Жүргізушілерді дайындауда мамандық дағдыларын қалыптастыру, яғни автоматтандырудың жоғарғы дәрежесіне дейін жеткізілген автомобильді басқару әрекеттері орталық орынды алады. Автомобиль көлігіндегі жоғарғы қатерліктердің негізгі себептерінің бірі автоматтандырылған дағдылары әлі қалыптаспаған жүргізушілерді өз бетінше жұмысқа жіберу болып табылады. Жүргізуші қызметіндегі дағдыларды 3 топқа бөлуге болады: сенсорлық, ойлау және қозғау.

Сенсорлық дағдылар – бұл басты рөлді сезім мөлшері атқаратын қабылдау дағдылары. Олар өз автомобилінен жолдағы басқа объектілерге дейінгі қашықтықты шапшаң және дәл анықтауға мүмкіндік береді және динамикалық көз мөлшер негізінде жатады. Сенсорлық дағдылар автомобильдің қозғалыс жылдамдығын бағалауда, қозғалтқыш жұмысын істеп бақылауда, автомобильдің қозғалыс бағытынан аз ғана ауытқуын шапшаң қабылдауда және шиналардың жолмен ілінісуі кезінде маңызды роль атқарады. Жүргізушілердің қабылдауға және сенсорлық дағдыларды қалыптастыруға көру анализаторының маңызы өте зор, бірақ сенсорлық дағдыларды қалыптастыруға ескерту, вестибулярлық аппарат, бұлшық ет және тактильдік сезінулер қалыптасады. Жиі жүргізуші қоршаған ортадан жолдан немесе автомобильден келетін ақпараттарды бір мезгілде бірнеше арнамен алады, бірақ тітіркендіргіш ерекшеліктерінен, талдауға сезімталдығы табалдырығының әртүрлілігінен, сондай-ақ жол жағдайының ерекшеліктерінен төменге салу әртүрлі болуы мүмкін. мысалы, автомобильдің осінен тайуын жүргізуші вистибулярлық ақпарат, бұлшық ет сіңірімен сезеді, берілген жағдайда көру тек көмекші роль атқарады.

Жүргізуші қызметінде ойлау және сана дағдыларының маңызы зор. Сана дағдылары жол жағдайын бағалаудың жылдамдығымен дәлдігін анықтайды, ол сәйкес шешімдерді дер кезінде қабылдау үшін қажет. Олар тәжірбиелік мәселелерді шешуге және қажетті логикалық опреацияларды іске асыруға қосымша ойланбай-ақ бір білімді қолданады. Жақсы дамыған сана дағдылары мынандай маневрді шапшаң және дәл орындауға алғы шарттар жасайды және қамтамасыз етеді: басып озу қозғалыс жолағын ауыстыру, сондай-ақ реттелмейтін қиылысын өту және т.с.с., күрделі жол жағдайларында ең жоғарғы, сонымен қатар қауіпсіз жылдамдықты автомобильдің керекті берілісін таңдауға көмектеседі және т.б.

Жағдайға дейінгі болжау кезінде сана дағдысының маңызы өте зор. Өз қызметі процесінде жүргізуші өткен тәжірбие негізінде даму аз-мұз оқылған. Бұл жағдайлар жүргізуші үшін стандартты сияқты, ол әрі қарай қосымша талдаусыз-ақ не болатынын біледі, бұл сана дағдысы. Онда неғұрлым осындай дағды спектрлері кең болса, соғұрлым ол жоғарғы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті.

Дұрыс және маңыздылығы дер кезінде шешімдер қабылдау бір жағынан жүргізушінің логикалық ойлау білуіне, ал екінші жағынан жол қозғалысы ережелерінің қозғалыс қауіпсіздігі негіздерін білуіне, сондай-ақ бұл білімдердің тәжірбиеде қолдана білуіне тәуелді. Жүргізуші қызметінде автомобильден, жолдан және қоршаған ортадан келетін сигналдарға жүргізушінің жауап әрекеттерінің жылдамдығы мен дәлдігін анықтайтын қозғалу дағдысының маңызы өте зор. Қозғалу дағдыларының психофизиологиялық негізі болып шартты рефлекстер табылады.

Қарқынды жол қозғалыс шартында және жоғарғы жылдамдықта қозғалғанда, және де бұл факторлар бірігіп кеткенде жүргізушінің барлық басқару әрекеттерінің үлкен санын іс жүзінде орындау мүмкін емес. Бірақ жүргізушілер бұл әрекеттерді орындайды. Бұл жекелеген әрекеттерді біріктіретін автоматтандырылған қозғалу дағдыларын жасау арқасында жүзеге асады. Орнынан қозғалу кезіндегі аяқтардың өзара әрекеті де екі қарапайым актіден тұрады: ілінісу баспасын жіберу мен газ баспасын басудан бүтіндей қозғалу актісі.

Қозғалу дағдысын қалыптастыру кезін 3 кезеңге бөледі: Бірінші кезең жекелеген қозғалу элементтерін үйірлену мен кейбір жеке әрекеттерді бір бүтін әрекетке біріктіруден тұрады. Автомобиль басқаруды білу үшін адам қандай әрекеттер, қандай ретпен жасалатынын білуі және есінде сақтауы керек. Бұл кезең басында әрбір жаңа басқару саналы және көріп бақылаумен орындалады. Оқушының зейіні жекелеген өз қозғалысына берілген, ал олардың орындалу нәтижесіндей емес. Оның қимылдары байланыссыз сипатта, ол көптеген артық және мақсатсыз қимылдарды жасайды, артық қобалжуы, рульдік доңғалақты қатты қысады.

Екінші кезең жаттығуларды қайталау шамасына қарай артық мақсатсыз қимылдар жойылады, қобалжу азайады. Қимылдары дәл бола бастайды. Біртіндеп әрекеттер орындауға көру бақылауы азаяды және қозғалу бақылауларының ролі артады. Қозғалу анализаторының буын бұлшық ет сезімі мен бақылауды беру жүргізушілердің кез-келген қозғалу дағдысына үйретуде бірінші дәрежелік маңызы бар. Бұндай беруде көру мен тек қана қозғалысты емес әрекеттерді түгел нәтижесін бақылай бастайды. Қозғалу дағдысының екінші кезеңін қалыптастыруда жартылай автоматтандыру іске асады.

Үшінші кезең барлық қимыл автоматты орындалады, яғни бақылау ісін атқаратын сананың қатысуынсыз. Дағдының кезеңін қалыптастыруда дағды вариатиптілігін үйрену мақсатында белгілі күрделендірулер енгізіледі, яғни тәжірбиелік қызметтің өзгермелі шартында әртүрлі тәсілдермен дағдыны пайдалану іске асырылады. Оқушы жаман жолдармен жүруге көліктің қарқыныды қозғалысы шартында түнде жүруге және т.б. машықтандырылады. Байқампаздығы артады. Зейіні негізінен сыртқы тітіркендіргіштерге бағытталған. Нерв қобалжуы төмендейді, жұмыс қабілеті артады. Динамикалық стереотип үшінші мерзім соңында қалыптасқан. Автомобиль басқарудан көп операциялар орындалады.

Оқыту процесінде үйретілген дағдыларды қажетті деңгейде ұстау үшін және оларды әрі қарай жетілдіру үшін тыңғылықты жаттығу керек. Жүргізушілер дағдыларының жоғалу процесін байқамай қалатынын ескеру керек. Бұл автомобиль басқарудан берілген дағдының уақытылы жаттықтырмау салдарынан төмендеуінен автомобиль жүргізушілерінің жиі қатерге ұшырауының себептерінің бірі. Маман жүргізушілерде үйретілген дағдылар жұмысында ұзақ уақыт үзіліс болғанда ғана болуы мүмкін.


Дәріс жоспары

1 Жүргізуші шеберлігінің психофизиологиялық негіздері.

2 Жүргізушілердің кәсіби шеберлігі және сенімділігі.

Ұсынылған әдебиет

1 Романов А.Н. Автотранспортная психология Уч. Пособие для студ. Высш. Учеб. Заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2002. – 224 с.

2 Романов А.Н., Мишурин В.М., Шульц В.А. Внимание водителя в условиях движения // Автомобильный транспорт .- 1986. №6.- С. 21-22

3 Мишурин В.М., Романов А.Н. Надежность водителя и безопасность движения.- М.: Транспорт, 1990.



СӨЖ орындауға бақылау тапсырмасы

Жүргізушілердің кәсіби шеберлігі және сенімділігі. Жүргізу қабілеттері және оларды қалыптастыру. Жүргізушілерді психологиялық дайындаудың негіздері.


9 Тақырып. Жүргізуші зейіні және қозғалыс қауіпсіздігі. Зейін және оның сапалары туралы түсінік. Зейіннің физиологиялық механизмдері. Автомобиль жүргізушісінің қызметінде зейінің рөлі. Зейін және ЖКО. Зейінді ұйымдастыру және байқағыштық. Зейінді жоғарылату әдістері.

Дәріс жоспары

1 Жүргізуші зейіні және қозғалыс қауіпсіздігі.

2 Автомобиль жүргізушісінің қызметінде зейінің рөлі.

Ұсынылған әдебиет

1 Романов А.Н. Автотранспортная психология Уч. Пособие для студ. Высш. Учеб. Заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2002. – 224 с.

2 Романов А.Н., Мишурин В.М., Шульц В.А. Внимание водителя в условиях движения // Автомобильный транспорт .- 1986. №6.- С. 21-22

3 Мишурин В.М., Романов А.Н. Надежность водителя и безопасность движения.- М.: Транспорт, 1990.



СӨЖ орындауға бақылау тапсырмасы

Жүргізуші тұлғасының адамгершілік-өнегелік ерекшеліктері және сенімділігі. Жүргізушінің жеке тұлғасы және сенімділігі.


Каталог: files -> MethodBook
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық : В05072900 «Құрылыс» Өскемен Усть-Каменогорск 2014
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық : 5В072500 «Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы»
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет